Еуразиялық одақ құру идеясы өміршеңдігін дәлелдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық одақ құру идеясы өміршеңдігін дәлелдеді

30.03.2014
Еуразиялық одақ құру идеясы өміршеңдігін дәлелдеді

Осыдан тура 20 жыл бұрын тек ТМД төңірегінде емес, жаһандық геосаясатта күллі әлемді елең еткізген тың бастама жария болды. Ол - Қазақ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық одақ құру туралы бастамасы.

 
КСРО күйреп, бір кезде одақтас болған елдер егемендігін алып, әркім өз күнін өзі көрер тұста біздің Президент бұрынғы кеңестік кеңістікті дамытудың тың жолын ұсынды. Ол - азаттық алған әр елдің ұлттық мемлекетін қалыптастыра отырып, экономикалық тығыз интеграцияға түсуі.
 
Осыдан 20 жыл бұрын Қазақ елінің Президенті алғаш Мәскеу Мемлекеттік университетінде Еуразиялық одақ құру туралы ой тастағанда, оған күмәнданғандар көп болды. Бірақ уақыт өте келе, тың бастама өзінің өзектілігін дәлелдеді.
 
Ақыры Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылып, ол Шанхай Ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес секілді халықаралық ұйымдармен ынтымақтасып кетті.
 
Әрі Еуразиялық Экономикалық қоғамдастық ең алдымен еркін экономикалық ықпалдастықтың артуына мұрындық болды. Соның арқасында соңғы жылдары қоғамдастыққа мүше елдер арасындағы сауда-саттық еселеп артып, тауар айналымының көлемі де едәуір көбейді.
 
Жалпы, экономикада мұндай кеңістікті қалыптастыру өте қиын. Мәселен, кәрі құрлық елдері Еуропалық Одақ құру үшін 3 жыл бойы келіссөздер жүргізген. Ал, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық өз жұмысын бір сәт те тоқтатпай, кейін Кедендік одақ құруға бет бұрды. Осының арқасында кәсіпкерлердің ісі ілгерілеп, сауда-саттық жанданды.

Хабарламаларға жазылу