Сонымен қатар, теріскейлік «Қазтехмаш» кәсіпорны финляндиялық «SAMPO» зауытымен бірлесіп, комбайндар шығаратын болады.
Петропавл қаласында өткен «Қызылжар инвест-2014» халықаралық инвестициялық форумына 800-ден астам отандық және шетелдік кәсіпкерлер қатысып, жалпы құны 80 миллиард теңгені құрайтын 52 келісімге қол қойылды.
Жалпы облыс экономикасының өзегі ауылшаруашылығы болғанымен соңғы жылдары машина жасау және өнеркәсіп саласы қарқынды дамуда.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ