Аумағы ат шаптырым болатын ұлттық музейді кімдер салды деп ойға қалуыңыз мүмкін. Таныс болыңыз, құрылыс әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар инвестор – Зеки Пилге.
Түрік азаматы. Қазақстан нарығына сонау тоқсаныншы жылдары келген. «Turkuaz» компаниясының құрметті президенті. Ақша құнсызданған бастапқы жылдары Қазақстанда тағам өнімдері, жиһаз саудасымен айналысқан кәсіпкер бүгінде қағаздағы ғаламат жобаларын ақиқатқа айналдырған ірі инвестор.
Алматының әл-Фараби даңғылы бойынан көрген де шығарсыз, Алматы қаржы орталығы, «Есентай MALL» сауда орталығының ғимараттары - осы азаматтың қолтаңбасы.