Жамбыл облысында бірқатар салада ілгерілеу болғанымен, өңірдегі өңдеу өнеркәсібінде іркіліс бар. Яғни, аграрлық аймақ осы салада биыл жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізе алмады. Басты себебі әлемдік нарықта химия өнімдеріне сұраныс төмендеп кеткен.
Ал, Жамбыл жұрты мен қырғыз ағайындылар арасындағы су дауына нүкте қойылар күн жақын. Бұдан былай өңір халқы ауызсудан таршылық көрмейді. Су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның аясында 2014-2020 жылдары аймақта 4 шағын су қоймасы салынбақшы.
Бес сумен қамту нысаны қайта құрылып, 2018 жылға дейін пайладануға беріледі. Айта кетейік, ауызсу мәселесінде өңір халқының 80 пайызы Қырғыз еліне тәуелді. Биыл аймақта 6 ай құрғақшылық болып, 5 ауданда судан таршылық байқалған.
Осының салдарынан егін былтырғыдан 7 пайызға көп егілгенімен, өнімнің 60-70 пайызы қурап қалған.
Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі:
Биыл Көксай арнасы Жуалы ауданында 5,3 миллиард теңгеге 25 шақырым өз су арнамызды соғып алдық. Сол арна арқылы Жуалы ауданында егініміз, жеміс-жидегіміз екі есеге келер жылдан бастап көбейеді. Екіншіден, бұл арнаны пайдаланып отырғанымыз, 4 жерден гидроэлектростанция соғайын деп отырмыз.