Мемлекет басшысы индустриялық және энергетикалық инфрақұрылымдарды дамытуды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы индустриялық және энергетикалық инфрақұрылымдарды дамытуды тапсырды

16.11.2014
Мемлекет басшысы индустриялық және энергетикалық инфрақұрылымдарды дамытуды тапсырды

Мемлекет басшысы көлік инфрақұрлымымен қоса,  индустриялық және энергетикалық инфрақұрылымдарды дамытуды да биліктің алдына көлденең қойды. Бұларды  жүзеге асыру өзіңіз білесіз, құрылыс материалдарына, көліктік-коммуникациялық, энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық салаларға үлкен сұраныс тудырады.

Сондықтан, Президент жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық аймақтарда инфрақұрылымдар қалыптастыру жұмыстарын аяқтауды тапсырды әкімдерге. Ал, энергетикалық инфрақұрылымдарды дамытуға келсек, магистральдық желілердің шектеулігі салдарынан, елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясы, ал, орталық және шығыс облыстарда табиғи газ тапшы.

Осы жерде Елбасы екі жобаға назар салуды тапсырды. «Екібастұз – Семей –Өскемен» және «Семей – Ақтоғай – Талдықорған – Алматы» бағыттарында жоғары вольтты желілер салынады. Бұл елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Мейіржан ӘЛІБЕК

Хабарламаларға жазылу