Оңтүстік Қазақстан облысында агро-индустриялық аймақ ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында агро-индустриялық аймақ ашылады

30.11.2014
Оңтүстік Қазақстан облысында агро-индустриялық аймақ ашылады

Оңтүстік Қазақстан облысында агро-индустриялық аймақ ашылады. Шымкенттің маңынан 62 гектар жер бөлiнді. Жоба іркілмесе, жылына 25 мың тонна көкөніс өңделеді. 800 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Осы аптада Орталық коммуникациялар қызметіне келген облыс басшысы Асқар Мырзахметов аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді.

Оңтүстік Қазақстан - индустриялық-экономикалық дамуы мен демографиялық көрсеткіші бойынша көш бастап тұрған өңір.

Республика халқының 15 пайызы осы аймақта қоныстанған. Тек, бір ғана Шымкентте халық саны миллионға жетер күн жақын.

Аймақта қазір 115 мектеп салынып жатыр. Оның 29-ы іске қосылса, жыл соңында тағы 11-і беріледі.

Алдағы екі жылда үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешіледі. Ал, денсаулық сақтау саласы бойынша 68 нысанның құрылысы жүргізілуде.

Ел бойынша Индустрияландыру картасына енген жобалардың төрттен бірі оңтүстікте орналасқан. Өткен 10 айда олардың 10-ы іске қосылды. Тағы 31 жобаның құрылысы аяқталуға жақын.

Асқар Мырзахметов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Индустриялық аймақтың тиімділігін ескере отырып, біз осы аймақты барлық аудан, қалаларда ашу туралы шешім қабылдағанбыз. Қазір Түркістанда ашылды, одан бөлек, 7 ауданда инфрақұрылымдарына байланысты тиісті жұмыстар атқарылуда.

 

Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу