Осы жұмада Президент Н.Назарбаев Берлинде Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездесті. Басты шаруа - екіжақты экономикалық қарым-қатынасты мықтай түсу.
Кездесуде Украинаның шығысындағы ахуалды реттеуге қатысты Астанада өтуі мүмкін кездесудің жай-жапсары да талқыға түсті. Таяуда Украина, Ресей, Германия және Франция басшылары Астанада бас қосуы мүмкін.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Ангела Меркель Украина дағдарысын реттеуде Минск уағдаластығын орындаудың маңыздылығын атап, талаптарды мүлтіксіз орындау қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, Президент Назарбаев Германияның Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен де кездесті. Келіссөздер барысында екіжақты қарым-қатынастың басым тұстары мен Украинаның шығысындағы ахуалды реттеу шаралары талқыланды.