Ел ғалымдары өнертабыстары мен ғылыми жаңалықтарын Мемлекет басшысына таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел ғалымдары өнертабыстары мен ғылыми жаңалықтарын Мемлекет басшысына таныстырды

08.03.2015
Ел ғалымдары өнертабыстары мен ғылыми жаңалықтарын Мемлекет басшысына таныстырды

Зерттеумен айналысқан Назарбаев университетінің ғалымдары. Генетиктер мұндай іргелі зерттеу арқылы адам бойында болуы мүмкін ауру-сырқау түрлерін күні бұрын анықтап, тіпті кейбір онкологиялық аурулардың алдын алуға болады,- дейді.

Осы аптада Назарбаев университетінің ғалымдары өнертабыстары мен ғылыми жаңалықтарын Мемлекет басшысына таныстырды. Ауруды қай түрін де ақылмен, біліммен жеңуге болады. Тіпті, обырдың өзін адам гетикасын  терең зерттеп, бастапқы сатыда-ақ болдырмауға мүмкіндік бар.

Университеттегі «Өмір туралы ғылымдар орталығы» өңеш обырын, сүт безі обырын, құрт ауруын  жеңудің құпиясын зерттеуде. Мұндағы ғалымдар жүрек ауруларын тудыратын гендегі мутация яғни ауытқуларды анықтады.

Ең қызығы, қазақтар қандай науқас түрлеріне иммунитеті мықты, қандай ауруға гендік тұрғыда бейім мұның бәрі көп кешікпей жалпыға жариялана бастайды.

Айнұр Ақылжанова, бас ғылыми қызметкер:

Геномдарды зерттеудің құндылығы сол, қазақтарға тән тарихи, мәдени, этнографиялық  құпиялардың  сырын ашуға болады.  Ұлы Жібек жолы геномы  генетикалық  сипаттамалар жасауға мүмкіндік береді. Бұл - көп нәрсенің кілті. Адамның неге бейім екенін, болашақта қандай аурумен ауыруы мүмкін соны анықтауға болады.

Университетте пәнаралық аспаптық  орталық та бар. Бұл зерттеу орталығы магниттік нанобөлшектерді синтездеумен шұғылданады. Биоқұрылғылар  зертханаларынан тұрады. Зертханалардың бірінде отандық шикізаттан галий нитриді алынып жатыр. Бұл - жартылай өткізгіш материал.

Оптикада,  электроникада кеңінен пайдаланылады. Егер галий нитридінен   жарық шамдарын  құрастырар болса, энергия 95 пайызға дейін  үнемделеді. Мына  «магнитрон» деп аталатын құрылғыны да ғалымдар тапсырыспен жасатты.

Елбасына Назарбаев университетінің зерттеу орталықтарында құрастырылған, ғылымға енді ғана енгізіп жатқан жаңалықтар инновациялық  шешімдер ұсынылды.  Медицина, иммунобиология, физика, нанотехнологиялық зерттеулердің қорытындысы таныстырылды. 

Университет жанында пилоттық технопарк орналасқан. Ғимараттың жалпы алаңы 2 мың  шаршы метрді алып жатыр. Елбасы көпсалалы нысандағы  тәжірибелік цехтарды   аралап шықты. 2017 жылы өтетін EXPO көрмесінде таныстырылатын өнертабыстардың бәріне осында тәжірибе жасалады.

Бұл жер энергетика полигоны іспеттес. Фотоэлектрлі  панельдер,  жел генераторлары, баламалы қуат көздеріне арналған дербес электр нысандары осы алаңда құрастырылады.

Назарбаев университетінің өмір туралы ғылымдар орталығының зерттеулері бүтін халық денсаулығына түзеуге ықпал етеді. Мысалы, жүрегі ауыратын адамдардың отбасы мүшелерін де тексеріп, талай  ауруды гендік тұрғыда зерттеп, алдын алуға болады.

Еркін ТАҢАТҚАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу