Сайлау учаскесінің мүшелері тізіммен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау учаскесінің мүшелері тізіммен танысты

05.04.2015
Сайлау учаскесінің мүшелері тізіммен танысты

Бүгін елдегі барлық дауыс берушілердің толық тізімі сайлау учаскелеріне тапсырылды. Бұл тізімді негізінен жергілікті әкімшіліктер жасаған. Ал, тұрғындар аталған тізімде өздеінің бар жоғын алдын ала тексере алады.

Егер дауыс беруші дауыс беру пункттерінде өз атын-жөнін таба алмаған жағдайда оны сайлау учаскесінің жетекшісіне хабарлап, 26 сәуірге  дейін ол олқылықты жоюға мүмкіндік бар.

Бүгін әр сайлау учаскесінің мүшелері тізіммен танысты, енді олар алдағы уақытта үй-үйді аралап, сайлаушылардың дауыс беру пункттеріне келе ала ма, жоқ па немесе басқа да себептерге байланысты келе алмайтын азаматтарға арнайы урналар алып бару жағын қарастырады.

Айта кетейік, 26 сәуір күні еліміздегі барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Егер азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша келе алмаса, комиссия мүшелері осы орталықтарға хабарласып, олардың мекенжайы туралы анықтама ала алады.

Президент сайлауында республика бойынша 9 мың 741 сайлау учаскесі жұмыс істейді. 2011 жылғы сайлауға қарағанда,  олардың саны 16-ға көп.

Сайлау учаскелері санының артуы халық санының көбеюімен байланысты. Өткен сайлауда 9 миллион 200 мың адам дауыс беруге қатысса, биылғы науқанға қатысатындардың қатары шамамен 157 мың тұрғынға артқан.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу