Ақтөбеде Тәуелсіздік күні қарсаңында ісін енді ғана бастаған кәсіпкерлердің үздік бизнес жоспарлары таңдалды. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған «Ақтөбе-Стартап» жобасының қаржылық қоры 30 миллион теңге. Оны Ақтөбе облысының әкімдігі мен «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қоры бөліп отыр.
Шара мақсаты – қоғамға қажетті жобаларға қолдау көрсете отырып, шағын және орта бизнестің дамуына үлес қосу. Байқауға 141 адам қатысып, өздерінің бизнес-жоспарларын таныстырып, екінші кезеңге 30 кәсіпкердің жобасы өтті.
Үздік деп танылған 15 жобаның авторы өздері сұраған қаржыға ие болды.
Жақсыбек КЕМАЛ