Соңғы бір жылдың өзінде жер жүзіндегі экономикасы ең мықты деген біраз елдің ұлттық валютасы күрт төмендеп кетті. Алыс-беріс, барыс-келіс ортақ болған соң, жаһан экономикасында болатын мұндай құбылыстардың бір-біріне кері ықпал етіп жататыны да сондықтан. Мәселен, ЕуроОдақтың ортақ ақшасы еуроның долларға шаққандағы бағамы – 26 пайызға құнсызданған.
Ал, жапон иенасы – 22 пайызға, Австралия доллары - 27 пайызға, Канада доллары - 23 пайызға, Норвегия кроны - 35 пайызға, Малайзия рингиті - 30 пайызға, Чили песосы - 18 пайызға, Бразилия реалы - 55 пайызға арзандаса, көршілес бізден бірыңғай экономикалық кеңістіктегі Ресейде рубль - 2 есе, Беларусь рублі - 56 пайызға және армян драмы - 17 пайызға дейін құлдырап кеткен.
Айбек ҚОБДАБАЙ