Жаһандағы озық жұрттың бірі - жапон. Сол озық жұрттың Премьер-Министрі Синдзо Абэ Астанаға келді. Жапония тұтас Орталық Азия өңіріне инвестиция құймақ ниеті барын білдіріп отыр.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Синдзе Абэмен кездесіп, ынтымақтастықтың кейбір мәселелерін кең отырып талқылады. Қазақстан мен Жапония стратегиялық әріптестік туралы құжат бекітті.
Бүгінде әлемнің алып мемлекеттері тарапынан Орталық Азия өңіріне деген қызығушылық артып келеді. Әдетте, саясаттанушылар өңірдің тағдырын шешетін үштік деп - Ресей, АҚШ пен Қытайды атап жүр.
Бірақ, бұл үшбұрыштың ортасында Жапонияның да ескермесе болмайды. Күшығыс елінің Орталық Азия өңірінде стратегиялық, саяси, коммерциялық, қаржылық және гуманитарлық мүддесі бар. Алып экономика араға жылдар салып мұны аймақтағы дамушы елдердің есіне салмақ.
Қазан айының 22-сінде Жапонияның қайта сайланған премьері Синдзо Абэ Орталық Азия өңіріне тарихи турнесін бастады. Саясаткер алдымен Моңғолияға барып, кейін Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстан арқылы Қазақстанға жетті. Сөйтіп, өңірге сапарын орталық Азияның көшбасшы мемлекетінде қорытындылады.
Күншығыс елі премьерінің бұл ұзаққа созылған іссапарын халықаралық БАҚ тарихи бетбұрыс деп бағамдап жатыр.
«Синдзо Абэ - соңғы 9 жылда посткеңестік Орталық Азияға барған алғашқы жапондық көшбасшы. Оның сапары Қытайдың «Жаңа Жібек жолы» саясаты арқылы Орталық Азияға инвестицияны көптеп салуға уәде беруімен тұспа-тұс келді.
Алайда, бұл аймақтағы кәсіпкерлер мен сарапшылары өз табиғи ресурстары мен инфрақұрылымына 15 жыл бойы қаржы құйған Қытайға Жапонияның бәсеке бола алатынына күмәнмен қарайды. Оның бір себебі – геосаяси кедергілердің көптігі».
Қытай мен Жапония саяси, экономикалық жағынан бұрыннан бақталас. Кейде бір-біріне қыр көрсетіп тұратын әдеті де бар.
Жуырда ғана көрші Қытай жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы жеңістің жетпіс жылдығын дүркіретіп атап өтті. Оның үстіне көршінің «Ұлы Жібек жолы» жобасы тұтастай Орта Азия аймағын көктей өтіп, тіпті Африка дейінгі аралықты қамтиды.
Самурайлар елі құйқалы өңірде Қытай ықпалының артып кетуінен сескенеді. Бізге де тепе-теңдік сақтау үшін жапон көмегі артықтық етпейді.
«Инфрақұрылымға бағытталған экспорт - Абэнің экономикалық стратегиясының тірегі. Сондықтан, ол Орталық Азияға жапондық 50 компания мен индустриалдық ұйымның өкілдерін ертіп барды.
Орталық Азияның бес елі уран, мұнай, газ, алтын, сирек металл тәрізді табиғи ресурстарға бай. Алайда, Қытайдың аймақтағы ықпалы өсіп келе жатқандықтан, жапондық кәсіпорындарға мұнда жұмыс істеу - оңай болмас.
Саяси майданда бес мемлекеттің лидерлері өздерінің қытайлық әріптесімен жыл сайын кездесіп тұрады. Және де Қытай бұл аймақты технологиямен де, қаржылай қормен де, жұмыс күшімен де қамтамасыз етіп келеді».
Ресми Токио үшін тұтастай Орталық Азия аймағы – жаңа мүмкіндіктер алаңы.
1993 жылдан бастап бұл мемлекет аймақтағы мүддесі туралы ашық айта бастады.
1997 жылы «Еуразиялық дипломатия» атты концепциясын ұсынды. Бұл идея асында Жапония, Ресей және Орта Азия елдері - әріптестікті бірлесіп жолға қоюы қажет болатын. Кейін 1998 жылы «Жібек Жолы дипломатиясы» концепциясын ілгерілетті.
Анығында, Жапония ұсынған жобалардың түпкі мәні – Жібек Жолы арқылы Еуропаға өткел салу. 2004 жылдан бастап бұл ел «Орталық Азия - Жапония» форматында әріптесуге, әріптестікті тереңдете түсуге мүдделі.
Ал, мүдде деген мәселеге ішкерірек енсек, күншығыс елі Орталық Азия ғана емес, Каспийді жағалай жатқан елдердің мұнай мен газына да қызығады.
Әсіресе, табиғи ресурстарды барлау, тасымалдау, жаһандық нарықтарға шығару мүмкіндіктерін қарастыруға дайын отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақтар мен жапондықтар бір-біріне ұқсас. Тарихшылар ортақ түбіріміз бар дейді. Біздің елдеріміздің арасында экономикалық тұрғыдан да, саясат саласында да келіспеушілік жоқ. Қазақстан сіздің елмен барлық бағыт бойынша ынтымақтасуға ниетті. Сіздің Орталық Азия елдеріне сапарыңыз маңызды әрі дер кезінде жасалып отыр. Біз өзара іс-қимылдың «Жапония – Орталық Азия» форматын қолдаймыз және оны қажет деп санаймыз.
Синдзо Абэ, Жапония Премьер-Министрі:
Менің бұл сапарым - Жапония Премьер-Министрлерінің соңғы 9 жылдағы бірінші сапары болып отыр. Бұрын біз түрлі халықаралық шараларда үш рет кездестік, бұл – біздің төртінші кездесуіміз. Осындай тығыз байланыстар арқылы қарым-қатынастарымызды белсенді түрде дамытып отырғанымыз мені аса қуантады.
Абэ екпін салған «Орталық Азия-Жапония» форматындағы әріптестік бес бағытты қамтиды. Бұл қадамдар өзара саяси әріптестікті кеңейту, аймақтың өз ішіндегі әріптестікті дамыту, бизнесті ынталандыру, ұдайы интеллектуалдық диалог пен мәдени байланыстарды дамытуды қамтиды.
Абэ – одағай ойы бар саясаткер. Жаһандық экономикада соңғы жылдары тіпті «абэномика» деген термин қалыптасты. Бұл - ілімді ілгерілетуші Синдзо Абэ.
Абэ экономикасының өзегі – дефляцияны тежеу үшін иенге қолдан девальвация жасау. Сөйтіп стагнацияға жол бермеу.
Премьердің бағытын қатаң сынға алушылар да бар. Олар «абэномика» халықаралық валюталық соғысқа түрткі болуы мүмкін дейді. Қалай болғанда да, қазір долларға төтеп беру үшін әр ел өзінше жол іздеуде.
Қазақстан мен Жапония арасындағы алыс-беріс ауқымы, шамамен, екі миллиард АҚШ долларын құрайды. Ал, өткен жарты жылдың ішінде тауар айналымы 600 миллион АҚШ долларына жетті.
Бірлескен елу кәсіпорын бар. Жапония Қазақстанға соңғы он жылда төрт жарым миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция әкелді. Құны 700 миллион АҚШ доллары болатын алты жоба жүзеге асты.
Екі елге ортақ ірі өндіріс – Қостанайда «Тойотаның» құрастырылуы. Қазақстан Жапония бизнесінің бізге деген ынтасын күшейтуға барын салады. Өйткені, әлемнің жетекші экономикаларының бірінде озық технология, мықты медицина, білікті маман дайындайтын әлеует бар.

Тәуелсіздігіміздің бірінші күнінен бастап, Жапония мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін, екі елдің экономикасын жақындастыруға күш салып келеміз. Соған байланысты біраз шаруалар іске қосылды. Қазақстанда Жапония тарапының, әсіресе ядролық қарудан жапа шеккен Семей өңіріне көрсеткен Жапонияның көмегі үшін алғысымызды айтамыз. Қазақстанға 1 миллиард 200 миллион АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетілген болатын. Біз болашақта осындай қарым-қатынасты тереңдетуге мүдделіміз. Екі-елдің арасындағы қарым-қатынастың ең басты мәселесі - сауда-саттық.
Жапон іскерлері жаңа өндірістерді құру ісіне келуге әзір. Келіссөздер кезінде құны 700 миллион АҚШ доллары болатын бірлескен он жоба жүзеге асатын болды.
Күншығыс елі Қазақстанда жаңа атом электр станцияын салып беруге, зерттеу жұмыстарына араласуға да ниетті. 2010 жылы арада келісім болған. Бірақ ...
Әрине, мұндай құрылыс үлкен ауқымдағы әрі терең ғылыми міндеттерді орындауды қажет етеді.
Синдзо Абэ, Жапония Премьер-Министрі:
Біздің еліміз Қазақстандағы экономикалық реформаларды қолдайды. Атом электр станциясының құрылысына келсек, оны жүзеге асыруға да қатысатын боламыз. Біз бұл қадамды растадық. Сондай-ақ, өндірісте, медицинада біліктілігі жоғары мамандарды дайындау ісінде де жаңа әріптестік басталады.
Осы аптада Қазақстан мен Жапония арасында стратегиялық әріптестікті тереңдету және кеңейту туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Және Ядролық сынаққа жан-жақты тыйым салу туралы шарт жөніндегі бірлескен құжат бекіді.
Екі ел де кезінде жаппай қырып жоятын қаруды сынақтан өткізудің, қолданудың қасіретті зардабын тартты. Сол себепті жаһандық антиядролық қозғалыстың көш басында өзге мемлекеттерді ізінен ерткісі келеді, қаруды шектеуге шақырады.
Екі көшбасшы қазақ-жапон кәсіпкерлерінің іскерлік форумына да қатысты. Іс-шара аясында екі ел компаниялары арасында 10-нан аса коммерциялық құжатқа қол қойылды.
Нұрсұлтан Назарбаев жапон компанияларын индустрияландыру бағдарламасына, инфрақұрылымдық жобаларға, Астанадағы EXPO халықаралық көрмесіне қатысуға, Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысына, сондай-ақ кең ауқымды жекешелендіру ісіне қатысуға шақырды.
Синдзо Абэ, Жапония Премьер-Министрі:
Президент мырза, мен сізден Жапония азаматтары Қазақстанды өзінің екінші отаны ретінде сезінуіне барлық жағдай жасауыңызды сұраймын. Сонда біз сіздің елмен ұзақмерзімді бизнес құра алар едік.

Мұнда барлық жапондықтар өзін өз үйіндегідей сезініп отыр. Қазағы қайда, жапоны қайда ажыратып көріңіз?
Жапония Премьері Астананың көрнекті орындарын да аралады. «Қазақстан» орталық концерт залына, сондай-ақ, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрына барды. Назарбаев университетінде дәріс оқыды.
Өз сөзінде Синдзо Абэ Қазақстан өнеркәсібін жаңғырту үдерісінде кадр даярлаудың маңыздылығына тоқталып, бұл іске Жапония белсене атсалысуға әзір екенін айтты. Саясаткер енді Назарбаев университетінің құрметті докторы.
Жайнагүл ТӨЛЕМІС