Партия жанынан ашылған «Мирас» қоғамдық кеңесінде Ұлы дала идеясын іске асыру мәселесі қаралды.
Ұлы дала идеясы – жалған ұран, жалаң сөзбен жүзеге асатын бағдарлама емес. Мәңгілік ел қалыптастыруға күш салып, жұрттың рухын көтеріп, жігерін жанитын идея.
«Нұр Отан» партиясы Қазақстанның «Ұлы Дала елі» ретіндегі имиджін қалыптастыруды қолға алды. Партия жанынан ашылған «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесі осындай келелі ой, кесек пікір - айтатын алаң.
Кеңес бұл жолғы жиында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Дала елі» идеясын насихаттау шаралары мен Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын талқылап, елдің руханиятын жаңғырту жайын сөз етті.
Идеология – компас тәрізді дүние. Бағыт-бағдар береді, адасқанға жол көрсетеді. Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Ұлы Дала елі» идеясы халықты бір мақсатқа жұмылдырып, ортақ тарих пен өркениетті қалыптастыру үшін керек.
Асқар Мырзахметов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Елбасы «Мәңгілік Ел», «Ұлы Дала» идеяларын айтты, халыққа жария етті. Бұл енді тек қана сол ұран емес, күнделікті, тұрақты, жүйелі, кешенді түрде сол атқарылатын идеологиялық саясат деп білеміз.
Кеңеске жиналған зиялы қауым өкілдері ұлтты бірлікке бастайтын мұндай ортақ идея дер кезінде айтылған, деді. Ендігі міндет - сөзден іске көшу, нақты іс-жоспар бекітіп, оны орындау.
Мырзатай Жолдасбеков, мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор:
Ең алғашқы кезде біз де бір шыдамсыздау адамдармыз ғой, «Нұреке, мынау енді Тәуелсіз Қазақстанның идеологиясын қолға алмаймыз ба, ұлттық мәселелерді деген кезде ол кісі алдымен мына елді тойындырып, киіндіріп алайық, экономиканы жөндеп алғаннан кейін идеологияға көшеміз», деп еді.
Айтқаны келді. Біздің адамдар адаспау үшін, қоғам адаспау үшін осындай идея керек еді. Бізге мына халықты алға жетелейтін, бір орнында отырғызбайтын, осындай бір асыл идея керек еді. Бұл асыл идея- Мәңгі ел орнату.
Халық – мемлекеттің басты байлығы. Бұл – аксиома. Ал, идеологияны қалыптастыруға ықпал ететін бірден-бір құрал – көркем әдебиет. Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин «кітап оқымайтын қоғамның болашағы бұлыңғыр», дейді. Бірақ, ол үшін оқырманды кінәлау қате түсінік. Мемлекеттік тапсырыспен шығатын бірер мың дана кітап көпшілікке жетпейді. Кітап қадірін түсінетін алыстағы ағайын сусап отыр қазір.
Нұрлан Оразалин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Көркем әдебиет бола ма, жалпы көпшілікке арналған әдебиет бола ма, сол әдебиеттің барлығы 2000 дейтін тиражбен шығады, 2000 кітапханаға барады, одан ары қарата жоқ, ол кітабыңыз - өлі кітап. Өлі кітап, оқылмайды ғой.
Көп болса, 100-200-ін шығарып береміз, Мәуленді жақсы көрем бе, автограф жазып беремін, Мырзекеңе жазып беремін, Асеке, сізге де жазып беремін. Міне, содан кейін бітті ғой.
Қазіргі қазақ қоғамы үшін бітпес дауға айналған екі тақырып бар: тіл және дін. Қазақ тілін оқытып, дамыту мақсатында ашылған жүздеген орталық бар. Республика бойынша тіл үйрететін 350 жеке меншік, 88 мемлекеттік орталық жұмыс істейді.

Оңтүстікте - 14 мысалы, Қарағандыда - 5, сонда мынау кілең қазақи жердің өзінде 14 те, қазақ тілі бойынша мәселесі бар облыстарда Оңтүстік Қазақстан облысынан да аз. Сонда қалай жеткілікті деп айта аламыз? Павлодарда біреу мысалға, Алматы қаласында біреу, Астана қаласында екеу.
Жеке меншіктер қаншалықты қаржыландырылып отыр? Оларда аты бар да, заты жоқ па? Оның талдауы қайда? Оның бәрін талдағаннан кейін белгілі болады, жеткілікті ме, жеткіліксіз бе? Егер жеткіліксіз болса, онда меже болуы керек. Әрбір облысқа байланысты.
Ендігі мәселе қай орталық, қандай бағдарламамен тіл үйретеді. Ортақ стандарт бар ма?
Алдан Смайыл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Тіл орталықтарын айтып отырсыздар, солардың әрқайсы өз бетінше оқытып келе жатыр, осы күнге дейін. Мысалы, Қарағандыда тіл орталығында бір жыл оқыған адам Астанаға келгенде тіл орталығына барып жалғастыра алмайды. Өйткені, стандарт жоқ. Бұл кісілерден сұрасаң жасадық дейді. Шын мәнісінде жасалған жоқ.
«Қазақ қазақпен қазақша сөйлесін!», Елбасының бұл сөзін естір құлақ жоқ деп күйінді зиялылар. Басқасы басқа, қазақша үйренемін деп таудай талаппен қазақ мектебіне барған бала бірінші тоқсаннан-ақ «Әліппеден» де, «Ана тілінен» де жеріп шыға келеді. Өйткені, оқулық олқы.
Бекболат Тілеухан, қоғам қайраткері:
Қазақ тілін үйренудің методикасын өзгертпесе болмайды. Мектеп қабырғасындағы оқулықтарды қарасақ, кейде бір аңшылықтың кітабы сияқты, я болмаса бір мал шаруашылығының кітабы сияқты.
Аңшылықты қосады кеп, үзеңгі дейді, шідер дейді, қоянның қыстың күнгі ұясын кеуік деп айтады дейді. Кеуік дегеннің керегі не? Қазір бізге керегі көшедегі күнделікті ауызекі сөйлесетін тілді дамыту.
Тілдің жаны бар. Қолданған сайын түрленіп, байып, өзгеріп отырады. Бірақ, шала сауатты аудармашылардың кесірінен не өзіміз, не өзге түсінбейтін «дүбәра» терминдер де қаптап кетті.
Дархан Мыңбай, ҚР Ұлттық музейінің директоры:
Мұражай деген әлі музейге жетпеген деген сөз. Мен сіздерге айтайын, мұражай деген тек мұра сақталатын жер. Ал мынау қытай тілінде де, жапон тілінде де музей.
Термин жасауда терең білім мен көрегендік керек. Немқұрайлыққа жол бермеуге тиіс. Салалық терминдер мен атауларды жасауда қазақ тілінің қалыптасқан байлығы мен кәсіби лексика, көнерген сөздер пайдалану, туыстас түркі тілдердің тәжірибесіне назар аудару қажет.
Тіл жанашырларын толғандыратын мәселе көп. 1989 жылдан бері Тіл туралы 99 құжат қабылданған. Бірақ, соның басым бөлігі орындалмады. Қаражат та бөлінді, қажет заң да қабылданды. Тек қағаз жүзінде қалды. Қоғамдық кеңесте айтылған бұл ой-ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, Үкіметке, тиісті министрлікке жіберілді.
Айнұр ОМАР