Химия өндірісінің алыбы «Қазфосфат» кәсіпорны - Жамбыл облысы экономикасындағы негізгі локомотив.
Қазақ сахарасы қазынаға әлі бай. Технология дамыған сайын осы кен-байлыққа сұраныс та артты. Әсіресе фосфор ұнтағына. Қазір Қазақ елі - фосфордың қоры бойынша әлемде екінші орында.
Қарт Қаратау қойнындағы фосфорит кені – ендеше бүгінгідей ерекше экономикалық кезеңде елдің құтына айналғаны абзал. Өйткені, қазақ фосфоры - уран мен мұнай, темір мен мысқа бергісіз аса бағалы байлықтың бірі.
Фосфор - ауыл шаруашылығы өнімін мол өндіру үшін қолданылатын минералды тыңайтқыш. Қытай мен Үндістан мемлекеттері 60 миллион тонна минералды тыңайтқыш сатып алуға әзір.
Кеңес одағы тұсында алып елдің сыртқы саудадан пайда түсіретін басты шикізатының бүгінгі саудасы қалай, қайтсек, фосфордан түсетін табысты еселей түсуге болады?
Химия өндірісінің алыбы «Қазфосфат» кәсіпорны - Жамбыл облысы экономикасындағы негізгі локомотив. Серіктестік фосфат кенін барлау, өндіру, өңдеумен қатар оны шетелге сатумен де шұғылданады.
«Қаратау» тау-кен өңдеу кешені қарамағындағы 6 кеніште барланған 1 миллиард 600 миллион тонна кен шоғырланған. Кәсіпорында минералдық тыңайтқыш, сары фосфор, триполифосфат натрий, трикальций фосфат және басқа да химиялық заттардың 20 түрі өндіріледі. Дайын өнімдер әлемнің 33 еліне экспортталады.
Мұқаш Ескендіров, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры:
Соңғы 3-4 жылда Америка нарығына да жіберіп жатырмыз. Экономикалық дағдарыстар себебін келтірмейді. Ұйымшылдығымыз арқасында компания тұрақты.
Көптеген инвестициялық жобаларды қолға алып жатырмыз. Соларды іске асыратын болсақ, бір-екі жылдан кейін өткізетін өнімнің көлемі тағы екі есе ұлғаяды, деп ойлаймыз.
Бекболат Орынбеков, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары:
Жамбыл облысында бүгінгі таңда шетелге шығаратын шикізаттардың ең көбісі осы «Қазфосфат» ЖШС-де. Оның ішінде бірақ, дайындайтын негізгі шикізаттардың көбісі Қаратау мен Жаңатаста.
«Қазфосфаттың» өндірісті қайта жарақтандыру жөнінде 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бар. Бағдарлама толық жүзеге асқанда өнім өндіру көлемі 5 есе, оны сату 4 есе және еңбек өнімділігі 3,5 есеге өседі. Жаңатас пен Қаратаудағы 6 кен көзінен аршылған фосфор әуелі ұсақтау-сұрыптау, одан кейін орталық байыту фабрикаларында өңделеді.
Бұдан шыққан фосфор ұны сары фосфор өндіру үшін жаңа Жамбыл фосфор зауытына, ал ұсақтау-сұрыптау фабрикасы өнімінің бір бөлігі Тараздағы минералдық тыңайтқыштар зауытына жөнелтіледі.
Мұратқали Сәрсенов, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры:
Қазір біз тұрған жеріміз біздің ұсақтау-сұрыптау фабрикасының қоймалары. Әрқайсысының сыйымдылығы 28-30 мың тонна. Бұл жерде Жаңа Жамбыл зауытына фосфорит түйіршіктерін береміз. Бұл фабрика қазір шектеулі әдіспен жұмыс істеп жатыр. 1 миллион 700 мың тонна өңдіреміз жылына. Бір ауысымда 4 мың тонна өндіріп отырамыз.
Қоспасы аз таза кен «Көксу» кенішінде аршылады. Мұндағы қызу жұмыс күндіз-түні толастамайды. «Белаз» көліктерінің жүргізушілері түн қараңғысы мен тайғақ кезде де тоқтамайды. Алайда, 130 тонналық алып жүк көлігін игеру үшін ептілік керек.
Абай Айдарбеков, І колоннаның көлік жүргізушісі:
Осы мекемеде жұмыс істеп жатқанымызға 30 жылдың жобасы болып қалды. Жаман емес, техникамыз жаңа. Күнделікті берілген тапсырманы орындап жатырмыз. «Қазфосфаттың» негізгі міндеттерінің бірі - сапалы өнім беру. Соған бір кісідей атсалысып отырмыз.
«Көксу» кенішінде 182 миллион тонна фосфорит кенінің қоры бар. Мұнда 270 кәсіптік-техникалық маман фосфорды ысырапсыз өндірумен айналысады. Зауыт басшылығы қандай экономикалық қиындықтар болса да соңғы 10 жылда бірде-бір адамды жұмыстан қысқартпаған. Жұмысшылардың орташа айлық жалақысы - 100 мың теңге.

Жылына 1 миллион 460 мың тонна кен өңдіреміз осы жерден. Егер тау жынысына аударатын болсақ, 4 миллион куб жылына аршып отырамыз. Аршылғаннан кейін 130 тонналық алып «Белаздармен» қоймаға тасылады.
Әуелі тау жыныстарын аршып алу керек. Одан кейін «руданың денесі» дейді. Соған жету керек. Содан кейін руданы ала бастаймыз. Тау жынысының отвалы бөлек, руданың қоймасы бөлек.
Тұралап қалған тірлікті тығырықтан шығаратын ерекше тұлғалар болады. Бір шаруаға бел шеше кіріссе, сынық сүйектің орнына түскеніндей іс ілгері жүреді. Сол санаттағы жанның бірі - Мұратқали Сәрсенов. «Қаратаудың» қойнынан кен қазған қаранар «Қаратау» және «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешендерін басқарғалы талай белестерті бағындырған.
Асаубай Майлыбаев, Жамбыл облысының құрметті азаматы, облыстық мәслихат депутаты:
Жалпы, әр істің басы-қасында істің маманы жүрсе әлгі «шымшық сойса да, қасапшы сойсын дегендей», «Шымкент химия» саласымен бітіріп шыққалы бері Жамбыл қаласындағы химия саласында істеп келе жатыр. Өзі адамдардың іскерлігі дағдарыс кезінде көріне бастайды. Іскер, химияның білгір маманы есебінде танимын.
Нарық талабы қатал. Сондықтан, серіктестікте өндірілетін өнімнің сапасын тұрақты жақсартуға, бәсекеге қабілетті болуына ерекше көңіл бөлінеді. Таза фосфор жерасты шахтасын үңгіп қазу арқылы алынады. Қаратау қаласының іргесіндегі мына «Ақсай» шахтасында 110 миллион тонна саф фосфор бар.
Әмір Рысалдиев, «Ақсай» шахтасының бас инженері:
Сап-сары болып тұрғанның бәрі фосфор. 18-20 метрге дейін барады. 560-шы деңгейде тұрмыз ғой. Біз мұны 60 метр биікке аламыз. 20-20 метрден. Қазір 20 метр аламыз да арнайы шығатын өрлемелер бар. Тура осылай бұрғылаймыз. 60 метрге шыққан кезде карьермен қосыламыз. Мынаның астында әлі 700 метрге дейін жатыр.
Төменгі қабаттағы сары фосфорды алу үшін шахта көлбеу кірмейді, тіке оқпандар салу әдісін қолданады. 8 шақырымға созылған «Ақсай» шахтасы кенді әзірше шығыны аз классикалық әдіс бойынша алуды жалғастырады. Ел байлығы сары фосфорды шашау шығармай өндіруді арнайы мекемелер назарда ұстайды.
Дәурен ДАРИЯБЕК