Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айту жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айту жеделхатын жолдады

06.12.2015
Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айту жеделхатын жолдады
Елбасы жеделхатта «Гюнешли» кенішінде болған өртте көптеген адамның зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын атап өткен.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке «Гюнешли» кенішінде болған өртке байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Елбасы жеделхатта көптеген адамның зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын атап өткен. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Хабарламаларға жазылу