ҚР Президенті Тәуелсіздік күніне орай өткізілген салтанатты жиында сөз сөйлеп, келер жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуді тапсырды.
Жаһанда ұлт пен ұлыстар саны екі мыңнан асады. Ал, мемлекет саны 200-дің маңы. Тағы бір ойландырар факт – бізден үш есе көп кейбір қауымдардың мемлекеті жоқ. Мынау менікі деп шегелеп тұрып айтатын жері жоқ.
Үлкен жұрттарға сіңгені сіңіп, жұтылғаны жұтылып, іштей күңіреніп, күрсінсе де сыртқа дымын шығара алмай отырған жұрт аз емес. Қазақстан осы аптада Тәуелсіздік күнін атап өтті. 1991-ші жылдың 16-шы желтоқсанында Жоғарғы Кеңес «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық заң қабылдады.
Бұл Қазақ мемлекетінің – ел болдым дегені еді. 24 жыл. Бұл 24-тің әрбір жылы, әрбір айы, аптасы тіпті күні тарихи шешімдер мезгілі болды. Қазақстан қадамдап болмаса да, табандап алға басты, өз азаттығына алдымен өз бойын, біртіндеп өзгенің бойын үйретті.
Әрине, болдым-толдым деуге ешкімнің құқы жоқ. Дегенмен, ең бастысы, шекараның хатқа түсіп, нақтыланғаны – факт. Оның бергі жағында азат елдің атрибуттары түгел дерлік орнықты.
Жылма-жыл ұлық мереке қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі игі жақсыларды Астанаға жиып, салтанатты шара өткізеді. Бұл үрдістен биыл да жаңылғанымыз жоқ. Президент өткенді саралап, бүгінді нақтылап, болашақ бағдарды меңзеді.
Азаттық қазаққа оңай келген жоқ. ХVІІІ ғасыр қазаққа талай тауқымет тарттырған ғасыр. Алдымен, жоңғар шапса, кейін көршіміз орыстың отарына түстік. Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет, Кенесары бастаған қозғалыстар Қазақтың ұлт болып ұйысып, халық болып қалыптасу жолында талай азапты бастан кешті.
Сөйтіп жүріп, аналарымыз ұрпағын өсірді, әкелеріміз дархан даласын қорғады. Кешегі батыр бабаларымыздың төккен тері зая кетпей, асыл мұрат Азаттыққа қол жетті. Тәуелсіздігімізге биыл – 24 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қымбатты Отандастар, құрметті қазақстандықтар! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 24 жылдығына арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын.
Президент алғысөзін Тәуелсіз Қазақстан тарихын шолудан бастады. 24 жыл бұрын қандай едік, қазіргі тұрмыс қандай? Ширек ғасырда ел экономикасы еселеніп, тұрғындардың тұрмысы түзелді.
Аз уақытта Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасында еркін көсілген Ұлы дала елін жаһан жұрты таныды. Қазақстан шекарасын шегендеп, іргесін қымтады. Көршімен тату, алыспен сыйлас, ісі ілгері басқан жасампаз ел болдық.

Биыл міне, рухы асқақ елімізге 24 жыл толды. Қарапайым тілмен айтқанда, ұлы мақсаттар мен белестердің тұғырында тұрмыз. Тағылымы мол тарихымыздағы сонау сақ дәуірінен түркі бабалар мирасы күні кеше 550 жылдығын ел болып тойлаған Қазақ хандығы мен күллі әлем болып 70 жылдығын атап өткен II Дүниежүзілік соғыстағы жеңіске жетуде ұлтымыздың ұлы күрестері көз алдымызға келеді. Бұл - тағдырымыз.
Бірлік біздің баға жетпес байлығымыз, - деді Елдің басшысы. Қазақстан деген қара шаңырақтың астында 100-ден астам ұлыс бір атаның баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр.
Татулық, толеранттылық, тұрақтылық Тәуелсіздікке темірқазық болып тұр. Біздің елді бейбіт өмірдің бесігіне айналдыру үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы ауқымды іс атқарды.
Тәуелсіздік жылдары Елбасының елі үшін жасаған еңбегін екі ауыз сөзге сыйғызу қиын. Алайда, Нұрсұлтан Назарбаев пен Астана ұғымының егіз дүние екені анық.

Келген қонақ үйге келіп иесін сыйласа, өзге жұрт ордасын көріп елін таниды. Астанасын көреді. Ақордалы, кең шатырлы астанасы бар Қазақстан халқы бақытты.
2015 жылы индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы басталды. Бағдарлама аясында құны 800 миллиард теңге болатын, 120 жаңа кәсіпорын іске қосылды.
Ол жерден 10 мыңнан астам отандасымыз жұмыс тапты. Дәл осы жылы үшінші қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов көкке ұшып, ел мәртебесін аспандатты.
Салтанатты жиында Нұрсұлтан Назарбаев біздің ел ту етіп ұстанған «алдымен экономика, кейін саясат» қағидасының өміршеңдігін атап өтті. Ал, алдымен саясат деп жүрген ұлттардың сан соғып, зобалаң күн кешіп жүргенін күрсіне мысал етті.

Соғыс 1,2 миллиард адамның өмірін жалмады. 42 мың адам үйсіз, күйсіз жүр, 13 мыңнан астам террорлық акті 33 мың адамның өмірін құрбан етті. 100 миллионнан астам адам баспанасыз жүр. 1 миллиардқа жуық адам аш жүр.
Мұндай мысалдарды айта берсе, көп. Дәл бүгінгі күні осындай жағдайларды еске алуымның себебі бар. Өйткені, біз, қазақстандықтар, мүлдем басқа экономикалық, тұрмыстық, саяси жағдайларда өмір сүріп жатырмыз. Ең бастысы, қауіпсіз қоғамда күн кешіп жатырмыз. Барымызды бағалай білуіміз керек.
Еңбек түбінде бәрін жеңбек. Бұл қағиданың өміршеңдігін дәлелдеп жату артық. Опера және балет театрының сәулетті залына еңбегі еленген игі-жақсы тұлғалар жиналды. Баршаға ортақ тілек – ел мәңгілік болсын.

Әрбір дағдарыстан соң жаңа серпіліс басталады. Осы орайда тұрақтылық біздің ел үшін күннен күнге жоғары бағалануда. Тұрақты экономика, тұрақты саясат, тұрақты қоғам – біз ұстанған басты бағыт және біз осы бағыттан айнымауымыз қажет.
Біздің Қазақстан ол - Ұлы дала елі. Ол біздің басты мақтанышымыз. Болашақ ұрпақтың біздің осы уақытқа дейін жасағандарымыздың лайықты бағасын беріп, бізді мақтан тұтатыны күмәнсіз. Бізде тек бір ғана тарих бар. Ол сәттілік пен даму тарихы.
Салтанатты жиын концертке ұласты. Қазақ елінің маңдай алды майталман өнерпаздары қатысты. «Астана Опера» театрының орталық концерт залын күй кернеп, ән тербеді.
Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қазір дағдарыс деген сөз көп айтылатын болып кетті. Бірақ, дағдарыстан қалай шығу және сол дағдарысты игілігімізге қалай айналдыру керегі жөнінде Елбасы Жолдауында айтты. Біздің халық - сабырлы, құайратты, жігерлі халық. Болашаққа сенімді халық.
Серік Тұрғынбекұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Алла Тағала бізге бақыт сыйлады. Бұдан бұрын ақын болып, артық сөз айта алмадым. Тәуелсіздіктің арқасында қазір еркін сөйлеймін.
Қаз тұрып, қадам басқан Қазақ мемлекеті айшылық жерді алты-ақ аттаған алып секілді, 24 жылда Жер жүзіне танылды. Біздің ел әлемдік саясатта, экономикада азуы алты қарыс елдермен иық тіресіп, қатар келеді. Жеткен жетістік біршама, ендігі міндет қастерлі ұғым - Тәуелсіздікті мәңгі ету.
Ғабит БӨКЕНБАЙ