Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамына қарағанда, бұл инфекцияны Жер шарында 4 миллиондай адам жұқтыруы мүмкін.
Енді кезекті рет жаһан тынысын шолып өтелік. Африканың жұрты монетарлық саясатты қалай тиімді жүргізу жолын іздет жатыр. Өйткені, мұнай арзандап, құрлыққа инвесторлар сенімі азайған. Содан келіп ол мекендегі мемлекеттердің валюталары кезек-кезек арзандай бастады.
Мысалы – Нигерия өз валютасы - найраның бағамын еркіне жібермек. Себеп, сол мұнай құнының құлдырауы. Ал, күн сайын ушыққан мигранттар мәселесі созылмалы науқас секілді, Еуропаны әбден ығыр қылды.
Германия халқының 40 пайызы елдің миграциялық саясатына қарсы. Ангела Меркельге кіна артушылар бұл ортақ проблеманы бүкіл Еуропа бірлесе көтеруі керек, дейді. Енді Меркель үкіметі миграция ережесі туралы заңды күшейтпек.
Валюта құбылып, дағдарыс қысып, миграция мәселесі өршіп тұрғанда тағы бір проблема шықты. Ол - бүкіл дүниені дүрліктірген тұмау мен инфекция.
Осы аптада АҚШ-та құс тұмауы қайта пайда болғаны анықталды. Ал, Ресейде «H1N1»-ден 126 адам қайтыс болды және федерация аумағында 300-ден астам мектеп уақытша жабылды. Осы доңыз тұмауынан Украина, Грузия, Арменияда да ондаған адам жан тәсілім еткен.
Оңтүстік және Орталық Американы жайлаған «Зика» вирусы болса, Еуропаға, Жаңа Зеландияға жетті деген мәлімет бар. Бразилия президенті бұл ауруға соғыс жариялап, масалармен күресте жеңіліске ұшырап жатқанын мойындауға мәжбүр.
«Зика» ең алдымен іштегі балаға қауіпті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамына қарағанда, бұл инфекцияны Жер шарында 4 миллиондай адам жұқтыруы мүмкін.
Мынау Бразилияның Жакобина қаласында жүргізіліп жатқан ғылыми сынақтан көрініс. Пластик контейнерде - генетикалық тұрғыдан өзгертілген сары безгек масаларының аталығы. Оларға жүктелетін негізгі міндет – тегі өзгертілмеген жабайы аналық масалармен шағылысып, олардың жұмыртқаларын өлтіру.
Сонда «Зика» вирусын таратушы жәндіктің тұқымы құрып, миллиондаған адамды аурудан сақтауға болады. АҚШ-тағы «Интрексон» атты синтетикалық билогиялық компанияның Британиядағы еншілес кәсіпорны мамандарының айтқанынан ұққанымыз осы.
Хадин Парри, Oxitec компаниясының маманы:
Оларды жабайы табиғатқа жіберудегі ойымыз – ауру тарататын жәндіктерді жою. Аналық масалар өзінің қысқа ғана өмірінде 500 жұмыртқа салады екен. Демек, олардан 500 зиянкес пайда болып, адамдарды шағады деген сөз. Бұған жол бермеуіміз керек.
«Зика» вирусы - тырысқақ, сары безгек және Батыс Ніл вирусын тасымалдайтын масалардан жұғатын инфекция. Алғаш рет ол 1947 жылы Уганданың Зика деген орманынан табылды. Ал, Бразилияда бұл ауру былтыр мамыр айында өрши бастады.
«The New York Times» газетінің хабарлауынша, бүгінде Америка континеттерінің тропикалық аймақтарында «Зикаға» миллиондаған адам шалдыққан болуы керек. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы олардың саны биыл шамамен 3-4 миллионға жетуі мүмкін, дейді.
Сильван Алдигери, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маманы:
Үш миллион мен төрт миллион арасында. Америка елдерінде «Зиканы» жұқтырғандар саны осындай болуы мүмкін. Кешірім өтінемін, мен осы мәлімдемені жасағанда, нақты сан келтіре алмай отырмын.
Бұл вирусты жыныстық қатынас пен қан құю кезінде жұқтыру фактілері де кездесіп отыр. Ал, америкалық дәрігерлер «Зиканы» арнайы антивирустық дәрімен емдеуге кеңес бермейді. Өйткені – оның симптомы жеңіл.
Тек тынығу мен тамақтану талап етіледі. Инфекция, ең алдымен, жүкті әйелдерге қауіпті болуы мүмкін. Өйткені, Бразилияда «Зика» кең тараған Пернамбуко штатында басы кіші, миы шағын балалар көптеп дүниеге келіп жатыр.
Ванесса Ван Дер Линден, невролог:
Алғашында мен мұны жаңа вирус немесе жаңа ауру деп ойладым. Бірақ, ол мұнша көп адамға жұғып, талай баланы трагедияға ұшыратады деп күтпеген едім.
Глейси Келли, жергілікті тұрғын:
Меніңше, біз көмексіз қалмаймыз. Өйткені, балалары осындай болып туған аналар көп. Өзге қалалардан келіп, жәрдем сұрап жатқан әйелдер де бар.
Медицина тілімен айтқанда, бұл ауру микроцефалия деп аталады. Осындай ауытқумен туған балалардың саны Бразилияда 4 мыңнан асты. Бұл - 2010 жылдан бергі көрсеткіштерден 30 есе көп. Ал, «Зиканы» мұнда 500 мыңнан 1 жарым миллионға дейін адам жұқтырған.
Сонымен қатар, бұл вирус адамды нерв жүйесін зақымдайтын Гийен-Барр синдромы тәрізді сирек ауруға ұшыратуы ықтимал. Дегенмен, «Зикадан» өлу фактісі кездеспеген. Оған шалдыққан бес адамның біреуінің ғана басы мен буындары ауырып, денесі қызулап, қызаруы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бас директорының мәлімдеуінше, балалардың кемшілікпен тууы мен «Зика» вирусы арасында айқын байланыс бар екені әлі анықталмаса да күдік бар.
Маргарет Чан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры:
«Зика» вирустық инфекциясы мен балалардың кем болып немесе неврологиялық синдроммен тууы арасында қандайда да бір байланыс бар екені айқындалған жоқ. Бұл әдейі атап өтетін жайт. Бірақ, күдігім басым.
Бізді қазір 4 мәселе алаңдатып отыр. Солардың біріншісі - вирустың іштегі балаға берілуі мүмкін екендігі, екіншісі - аурудың әлемге таралуы, үшіншісі – осы инфекцияға қарсы иммунитеттің қалыптаспағаны және соңғысы – вакцинаның жоқтығы.
Жалпы алғанда, «Зика» вирусы Оңтүстік және Орталық Американың 23 мемлекетіне тарап отыр. Әзірге, оның Канада мен континентальдық Чилиде кең жайылуы екіталай. Өйткені, бұл елдердің климаты масалардың көбеюіне қолайсыз.
Бірақ, Латын Америкасына барып қайтқандар осы аптада қауіпті инфекцияны Канадаға да, Жаңа Зеландияға да, АҚШ пен Еуропаға да жеткізгені белгілі болды. Қазір «Зика» Бразилияда ғана емес, Сальвадор, Венесуэла, Гондурас, Колумбия, Панама, Эквадор тәрізді елдерде де өршіп барады.
Сондықтан, қаңтардың 27-де Латын Америкасы мен Кариб мемлекеттері қоғамдастығы елдерінің басшылары Эквадор астанасында бас қосып, тұтас құрлықты шарпыған вируспен бірлесіп күресуге уағдаласты.
Рафаэль Корреа, Эквадор Президенті:
Кездесу барысында біз бірлесіп әрекет етуге келістік. Бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұрған эпидемиямен жұмыла күрескенде ғана нәтиже шығарамыз. Келесі аптада біздің денсаулық сақтау министрлеріміз де ортақ стратегия құру үшін бас қосуы тиіс.
Бразилия президенті Дильма Русеф масаларға қарсы соғыс жариялап, бұл майданға келесі айдан бастап, 220 мың жауынгерді жұмылдырады. Олардың қатарында жаяу әскер ғана емес, теңізшілер мен әуе күштерінің сарбаздары да болады.
Армияға жүктелетін негізгі міндеттер - жүздеген мың үйді аралап, ауру таратушы жәндіктерді жоятын улы дәрі тарату, әйелдерге масалардан қорғанудың тәсілдерін түсіндіру және тағы басқа іс-шаралар.
Ал, Сальвадор мен Эквадор үкіметтері әйелдерге екі жылға дейін бала көтермеуге кеңес беріп отыр. Британияның «Гардиан» газетінің хабарлауынша, Латын Америкасында Зикадан төнген қауіп жасанды түсік жасатушыларды ғана емес, әйелдер арасында өлім-жітімді көбейтуі ғажап емес.
«...«Зиканың» өршуі қауіпті аборт құрбандарын көбейте ме деген қорқыныш күшейіп келеді. Қазір Латын Америкасында үкіметті осы вирус үшін жүктілік пен түсік жасату саясатын қайта қарауға шақыратын науқан жүріп жатыр...».
«Зика» вирусына қарсы вакцина дайын емес. Оны жасау жолындағы зерттеулер АҚШ-та жүргізіліп жатқаны белгілі. Ал, Канаданың «Иновио» фармацевтикалық компаниясы мұндай дәріні жануарларға салып, сынап көрген. Болжамдарға қарағанда, жаңа препарат жыл соңына дейін әзір болып қалуы мүмкін.
Арыстан РЫСБЕК