Съезден кейінгі ойлар, пікір-пайым, бағалау, үн қосу.
«Нұр Отан» партиясы «Қазақстан-2021» дегенде мүлде жаңа бағытқа бастап отырған жоқ, бұған дейін атқарылған істерді сабақтастыра, қиюластыра, ілестіре істеуді мұрат қылып отыр.
Ол осы жылдарға дейін атқарылып келіп, қоғамда пісіп-жетілген соң жаңа сипатқа еніп, түзілген 5 реформа. «Нұр Отанның» әрбір мүшесі Төрағасы бекіткен 5 реформаны жүзеге асырудың жолы - 100 қадамды орындауға атсалысуы тиіс. Сонда ғана Ұлт жоспары жоспар күйі қалмайды. Съезден кейінгі ойлар, пікір-пайым, бағалау, үн қосу.
Әділ Ахметов, қоғам қайраткері:
Съездің атмосферасы халқымыздың рухының биік екенін байқатты. Президент сөзінде мемлекет экономикасының барлық саласына тоқталды. Оның ішінде денсаулық саласы, білім, инновация, ауыл шаруашылығы, индустрия да бар.
Асқар Жұмаділдәев, ҰҒА академигі:
Маған аса ұнағаны - ғылым және білімге қатысты төртінші бөлімі. Егер біз еңсесі биік, парасатты ел боламыз десек, байлығымыз жердің астында ғана емес, үстінде де, яғни, балаларда. Осы бағытта Елбасы қадап-қадап айтты.
Асқар Бопылдықов, Атырау облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:
Ең маңыздысы, әлемді дағдарыс жайлаған уақытта осындай үлкен шаруаны өткізіп алып, алға қарай еліміздің дамуы үшін, елде тұрақсыздық болмауы үшін, жұмыс істеу үшін үлкен мүмкіндік беріп отыр Елбасы. Сондықтан, осы мүмкіндікті жастар да, нұротандықтар барлығымыз пайдалануымыз керек.
Икрам Хашымжанов, ОҚО Өзбек мәдени орталығының төрағасы:
Экономикалық дағдарыс кезінде біздің ел келер жылы EXPO өткізгелі жатыр. Дағдарыс өрлемей тұүрып, кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу - өте нақты шешім.
Серік Сәпиев, Олимпиада чемпионы:
Бірлік жолында түрлі іс-шараларды ұйымдастырамыз. Қазақстандық жастарды дұрыс жолға бағыттаймыз. Спортқа баулимыз. Тек спортпен емес, кез келген іспен айналысуға жол ашамыз. Бастысы – сенделіп бос жүрмеуі керек.
Даниэле Скалея, Италияның жоғары геосаяси зерттеулер институтының бас директоры:
Қазақстан Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап экономиканы модернизациялауды қолға алып, әлі күнге тың реформаларды сәтті жүзеге асырып келе жатыр. Соның арқасында ел жаһандық қиындықтарға төтеп беріп, экономиканы көтеріп, әлеуметтік саланы жетілдірді.
Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсыныс жасап, шешім қабылдаудың өзі – елдегі демократияның дамығанының көрінісі. Бір сөзбен айтқанда, биліктің барлық бастамалары елдің, әлеуметтің әлеуетін арттыруға, демократиялық процестерді ілгерілетуге бағытталған.
Сондықтан, мұндай реформаларды тек қолдау керек.
Дмитрий Журавлев, аймақтық проблемалар институтының директоры:
Ұлт жоспарының маңыздылығы, оның нақтылығында. Құжатта елдің стратегиялық даму мақсаттарымен қатар, оны нақты іске асырудың тактикалық жолдары да көрсетілген. Қазір әлемде мұндай сауатты жоспары бар елдер жоқтың қасы.
Жалпы 25 жылдық тәуелсіз тарихында, Қазақ елінде көптеген салмақты бағдарламалар болды. Бірақ меніңше, бұл жолғы «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» дамудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін ерекше құжат.
Ол бағдарламада әлеуметтік-экономикалық мәселелерге мән берілген. Бұл саяси науқан қарсаңында маңызды. Себебі, сайлауға барған адам, не үшін дауыс беретінін білуі керек.
Куршад Зорлу, саяси шолушы:
Қазақстанның 5 реформасын әлемде теңдесі жоқ бағдарлама дер едім. Бұл Ұлт жоспары алдымен ел болашағы үшін дайындалған. Стратегиялық құжатта жүктелген міндеттер дер кезінде орындалса, Қазақ елінің экономикасы қуатты мемлекетке айналатыны сөзсіз.
Қарап отырсам, соңғы кездері Қазақстанға қомақты қаржы құйып жатқан шетелдік инвесторлардың саны артып келеді. Олардың арасында Түркияның ірі бизнес корпорациялары да бар.
Бұл Қазақ еліне деген сенімнің артқанын көрсетеді. Мұның бәрі елде қолға алынып жатқан маңызды бағдарламалар мен нақты істердің арқасында. Елдеріңіз осы бағыттан таймасын.
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ