Осы аптада әлемде доллар арзандады.
Осы аптада Жаңа Зеландияның Оклендінде әлемдегі ең ірі еркін сауда аймақтарының бірін құру туралы келісімге қол қойылды. Ол Тынық мұхит аралық серіктестік деп аталады. Бұл бірлестікте АҚШ жетекші рөлге ие.
Қол қойғандардың ішінде Австралия, Бруней, Канада, Чили, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Перу, Сингапур, Құрама Штаттар және Жапония бар. Әлем экономикасының 40 пайызын қамтитын серіктестікті құру жолындағы келіссөздерге 5 жыл кеткен екен.
Обама айтпақшы, жаңа ұйым 21-ші ғасырда Америкаға Қытайдан үстем болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол Ресей кіретін Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығының болашағына да қауіп төндіруі ғажап емес.
Енді өзге экономикалық жаңалықтарға келсек, осы аптада мұнай бағасы қайта көтеріліп, шикізат экспорттаушы елдерді бір үміттендіріп тастады. Алайда, апта соңында АҚШ-та еңбек нарығы туралы баяндама жарияланып, биржаларда акциялар мен мұнай құны қайта түсіп, доллар сәл қымбаттады.
Жұманың кешінде әлем биржаларының АҚШ экономикасына сенімінен күдігі басым болды. Сондықтан, инвесторлар миллиардтаған акцияны сатуға асықты немесе оған шығындалмауға тырысты.
Соның салдарынан құнды қағаздардың қымбаттағанын немесе арзандағанын көрсететін индекстер төмендеді. «Эс-эн-пи», «Доу джонс», «Наздак» орта есеппен 1-3 пайызға түсті. Апта бойы көтерілген мұнай бағасы да 1 пайызға арзандап, 34 долларға тұрақтады.
Акциялар мен тауар биржаларында сауданың құлдырауына Құрама Штаттардың еңбек нарығы туралы кезекті баяндаманың жариялануы себеп. Ол есепке жүгінсек, Америкада ауыл шаруашылығынан бөлек салаларда жұмыс орындары болжамдағыдай 190 мыңға емес, 151 мыңға ғана өскен.
Бірақ, жалпы алғанда, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға дейін түсіп отыр. Сондықтан, Ақ үй басшысы экономиканың күшейгенін сеніммен мәлімдеді.
Барак Обама, АҚШ Президенті:
2009 жылы 10 пайызға жеткен жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға дейін түсті. Өткен айдың өзінде қаншама америкалық кәсіп тапты. Сегіз жылға жуық уақыт ішінде алғаш рет жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан төмендеп отыр.
Демек, Америка еңбек етіп жатыр, оның экономикасы күшейді. Алайда, босаңсымауымыз керек. Ғаламдық экономика әлсіз, Қытай, өтпелі кезеңде, Еуропа экономикасы әлі де баяу, дамушы елдердің нарықтарына төнген қауіп сейілген жоқ.
Осы аптада әлемде доллар арзандады. Бірақ, АҚШ-та еңбек нарығы жақсарды деген хабардан кейін оның индексі 0,5 пайызға көтерілді. Енді Американың орталық банкі пайыздық үстемені биыл бір мәрте көтеруі мүмкін деген болжам айтылып отыр. Қысқасы, бұл елдің экономикасымен бірге валютасы да күшейіп, ғаламдық өсімге кері әсер ете ме деген алаңдаушылық пайда болды.
Доллардың қымбаттауы мен энергетикалық шикізаттың арзандауы Венесуэланың жылдық табысын 70 пайызға қысқартты. Халықаралық валюта қорының мәліметіне қарағанда, бұл оңтүстікамерикалық мемлекетте инфляция деңгейі биыл 720 пайызға жетуі мүмкін.
Ал, Блумберг агенттігі Венесуэланы дүниежүзінің ең бақытсыз елі деп атады. Мұнда қазір дәрі-дәрмек тапшылығы 80 пайызға жетті. Тауарды сырттан импорттау оңай емес.
Өйткені, доллар тым қымбат. Қаражаттың жоқтығынан Венесуэла өзінің әбден құны кеткен ақшасы - боливарды шетелде бастырып, елге ұшақпен тасып отыр.
Дэниель Рагуа, экономист:
Венесуэла ақшасының сатып алу қабілетінің түсу дәрежесі 50 пайыздан асып кетті. Бүгінде халық табысының басым бөлігін ең қажетті тауарға ғана жұмсайды. Яғни, азық-түлік пен дәріге. Бұл жақсылықтың белгісі емес. Мұндай жағдай биыл екінші-үшінші тоқсандарда да жалғасады.
Жағдайдың қиындағаны сонша, қаңтардың 15-де президент Николас Мадуро күллі ел аумағында 60 күнге төтенше экономикалық жағдай жариялады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, саудагерлер доллар шығындап, шетелден тауар импорттағанша, сол қымбаттап бара жатқан долларды ел ішінде сатып, пайда тапқанды жөн көреді.
Өйткені, Америка валютасы өте тапшы. Мұның зардабын қарапайым жұрт тартып отыр. Венесуэлалықтар ең қажет тауарға қол жеткізу үшін сағаттап ұзынсонар кезекте тұруға мәжбүр.
Кармен, Каракас тұрғыны:
Бірде-бір шенеунік, тіпті президент мұның не екенін білмейді. Себебі, олар біз тәрізді кезекте тұрмайды ғой. Керек азығын көмекшілері есігін алдына апарып береді. Біз болсақ, тамақ іздеп көше кезіп кетеміз. Тіпті иіс суымыз да жоқ.
Венесуэла тәрізді Әзірбайжан да - шикізат экспорттаушы ел. Мұнай арзандағандықтан, бұл республиканың валюталық резерві бір жылда 12 жарым миллиард доллардан 4 жарым миллиард долларға дейін кеміді.
Бұрын Әзірбайжанның жалпы ішкі өнімі жыл сайын 3 пайыздан артық дәрежеге өсетін. Былтыр ол небәрі 1 пайызға артқан. Ал, газ бен мұнайдан түсетін табыс мемлекеттік бюджеттің 75 пайызын жауып келді.
Қазір ондай қаражат жоқ. Сондықтан, ұлттық валюта манатта бұрынғы пәрмен қалмай барады. Бұлай жалғаса беретін болса, үкімет ірі инфрақұрылымдық жобаларды тоқтатуы мүмкін.
Бугар Байрамов, экономист:
Әзірбайжан экономикасы бірнеше ауыр соққыға ұшырап отыр. Оған мұнай бағасының түсуі, манаттың екі есеге арзандауы, экспорттың қысқаруы себепші. Егер шикізат құны төмен болып тұра беретін болса, үкімет кейбір инфрақұрылымдық жобалар құрылысын 2017-2018 жылдарға қалдыратын шығар.
Ал, Түркия үкіметіне инфляцияны шектеу қиынға соғып отыр. Елдің орталық банкінің мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері нанның бағасы 25 пайызға, еттің келісі былтыр 21 пайызға өскен.
Мұнда да Венесуэладағыдай қымбат тауар халықтың қалтасына үлкен салмақ түсіре бастады. Ал, жылдық есеппен алғанда, инфляция деңгейі қаңтарда 9,58 пайызға жетіпті.
Ердем Басчы, Түркия орталық банкінің төрағасы:
Екі фактор бар инфляция ықпал етіп отырған. Біріншіден, еттің қымбаттауы. Біз оны ұсыныс пен сұранысқа сәйкес қайта бағалауға мәжбүрміз. Екінші фактор – нанға қатысты. Министрлер оның бастапқы және қазіргі бағасындағы үлкен айырмашылықты анықтайды деп ойлаймын.
Түркияда жеміс-жидек пен көкөністің де, алкогольдік ішімдіктер мен темекінің бағасы да өсті.
Гүлсен Үдже, Стамбул тұрғыны:
Күн суыса болды, көкөністің құны шарықтап шыға келеді. Салаттың бір түбі – 5 лира. Ел оны қалай сатып алады? Экономикалық қиындықтар жанымызға батып барады. Зейнетақы аз ғана өсті. Үкімет бізге қасық беріп, орнына ожау сұрағандай.
Ал, Ресейде осы аптада ауқымды жекешелендіру науқаны басталатыны белгілі болды. Елдің Экономикалық даму министрінің мәлімдеуінше, бүгінгі қаржылық қысылтаяң шақта бұл шаруаны кешіктіруге болмайды.
Федерация үкіметі мемлекеттік мүлікті сатудан алдағы екі жылда 1 триллион рубль түсіруден үмітті. Алғашқы болып жекешелендірілуі мүмкін кәсіпорындардың ішінде «Башнефть», «Алроса» және «Роснефть» тәрізді мемлекеттік компаниялар бар.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:
Жекешелендірілген мүліктің жаңа иелері Ресей заңының аясында болуы керек. Күмәнді схемаларға, активтерді оффшорға шығаруға, акциялардың қожайындарын жасыруға жол берілмейді.
Шикізат құнының түсуі, халықаралық санкциялар Ресей экономикасын былтыр 4 пайызға жуық қысқартып, рубльді әлсіретті. Ал, бюджет тапшылығы 3 пайызға жетеді деген болжам бар.
Халықтың сатып алу қабілеті төмендеп, автоөнеркәсіп тәрізді ірі салалар тұралады. Бірақ, бір парадокс бар. Ресейде қазір Porsche, Bentley, Rolls-Royce және Lexus тәрізді люкстік көліктерді сатып алу деңгейі 5-12 пайызға артып отыр.
Өйткені, доллармен бірге басқа дүние қымбаттап жатқанда, мұндай брэндтердің бағасы аса көтерілмеген. Ал, дағдарыс байларды бір түнде кедейлендірмейтіні белгілі.
Арыстан РЫСБЕК