Манифестің мақсаты - бүкіл дүниежүзінің халқын соғыссыз әлемге бастау.
«Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген, Оқ дауысы мәңгілік тыншысын!». Вашингтонда жарияланған Мемлекет басшысының манифесі осыған саяды. Негізгі өзегі — барша адамзат баласын соғыс қауіпінен сақтау. Қантөгіске жол бермеу. Ол үшін қарусыздану процесінің тежелгені қажет.
«Әлем. ХХІ ғасыр» деп аталатын манифес арқылы күллі жаһан жұртына осындай үндеу жолданды. Өйткені, қазіргі уақытта қарудың небір түрі жасалып үлгерді. Жаппай қырып-жоятын ауыр бомбалардың сан түрі сынақтан өтті. Ол аз десеңіз, кейінірек пайда болған «терроризм» деген жаңа ұғым да адамзат санасына сіңіп барады. Одан келер қауіпті елестету тіпті қорқынышты.
Міне, әлем жұрты қазір осындай қауіп қатерлердің алдында тұр. Не істемек керек? Барша халықты ұйыстырып, дүниенің ең қымбат байлығы бейбіт өмір екенін ұқтырып, соған тәрбиелеу керек. Мемлекеттер басшыларын осы іске жұмылдыру қажет. Жер шарының әрбір азаматы соғыссыз әлемде өмір сүруі керек.
Ядролық қару, атом бомбасы. Бұл - қарудың ең жойқын түрі. Ең алғашқы атом бомбасы Жапонияның Хиросимо, Нагасаки қаласына тасталды. Бір мезетте 140 мың адам опат болды, тағы жүздеген мыңы айықпас дертке шалдықты.
Бұл 1945 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін барлық алып елдерге кімнің күшті екенін көрсету үшін АҚШ-тың жасаған әрекеті еді. Ақыр аяғында ХХ ғасырдың орта шенінен соңына дейін қарудың небір жойқын түрлерін жасаудан жарыс басталып кетті. Әлем ентігіп, жаңа бір соғыстың алдында тұр. Нұрсұлтан Назарбаевтың манифесі осындай алапат қауіпті ескертумен басталады.
«Халықтың қолында қазір 1 миллиардтан астам атыс қаруы болса, олардан әлемде күн сайын мыңдаған адам қаза болады. Әскери қауіп бүкіләлемдік ауқымдағы қасіретке айналуы әбден мүмкін. Осындай өліммен аяқталатын қатердің белгілері анық байқалады. Халықаралық қатынастарда жанжалдастық тәуекелдері күшейе түсіп отыр».
Бірақ, жаппай қарулануға көшкендер бір нәрсені ескермейтін сияқты. Өйткені, соғыста ешкім жеңіске жетпейді. Сол себепті халыққа керегі бейбіт өмір, соғыссыз әлем. Вашингтонда әлемнің ірілері бас қосқан кездесуде жариялаған манифесін Нұрсұлтан Назарбаев «ХХІ ғасыр: Соғыссыз әлем» деп атады. Ондағы негізгі мақсат - бүкіл дүниежүзінің халқын соғыссыз әлемге бастау.
Жозе Мануэль Баррозу, Еуропалық комиссияның 2004-2014 жж. президенті:
Президент Н.Назарбаевты халықаралық қауымдастықты «ядродан азат әлем» болуға үндеп, өзекті мәселені саясаттың күн тәртібіне шығарып, тың бастама көтергені үшін құттықтап, алғысымды білдіргім келеді. Бұл амбициялық позиция.
Көрегенділік деп айтар едім. Себебі, Хиросима мен Нагасакиде, қазақ жерінде болған ядролық сынақтың қандай қасірет әкелгені әлемге аян. Суық соғыс кезінен бері атомдық шабуыл үрейімен өмір сүріп жатырмыз.
Иә, Қазақ басшысы бастамасының арқасында Украина, Оңтүстік Африка сынды бірқатар елдер ядродан бас тартты. Яғни, бұл бағытта жетістікке жете аламыз. Ол үшін Қазақ елінің үндеуіне құлақ асып, қарудың таратылуына жол бермей, мәмілеге келуге тырысуымыз керек.
Әлемдік мәселелерді зерттеу халықаралық Стокгольм институтының келтірген мәліметі бойынша Ресейде – 8000 ядролық оқтұмсық бар, АҚШ-та - 7300, Ұлыбританияда - 225, Францияда – 300, Қытайда – 250, Пәкістанда – 100-120, Үндістанда – 90-110, Израйльде – 80 және Солтүстік Кореяда 8-10 ядролық оқтұмсық бар. Егер бұл қаруларды пайдаланатын болса тау-тас былай тұрсын, тұтас Жер шарын күн жүйесінен таппай қалуымыз мүмкін.
Айсұлу Құмарханова, мұражай маманы:
Мына алдыңызда көріп тұрған тәжірибе алаңының макеті. Тәжірибе алаңында жер үстіндегі жарылыстар өткізілген. Әртүрлі факторларды анықтау үшін тәжірибе алаңын 14 секторға бөлген.
Әртүрлі әскери, азаматтық техникалар қойылған, әртүрлі үйлер салынған. Жануарлар қойылған. Өлшеуіш аспаптар қойылған. Жарылыс өткеннен кейін қандай әсер еткенін көрген ғой.
Сынақтардың нәтижесі бойынша мұндай қаруға қарсы тұру мүмкін емес екендігі анықталды. Оның күштілігі алғашқы нәтижеден-ақ белгілі болса да қазақ даласында атом бомбасын жару жарты ғасырға жуық жалғасты.
1949-1989 жылдар аралығында 470-тей қуаты әртүрлі ядролық жарылыстар жасалды. Әуеде – 90, жер үстінде – 26, жер астында – 26-сын жарған. 1991 жылы Тәуелсіздік алғанда Елбасының ең алғаш қолға алған жұмыстарының бірі осы болды.
1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Кейін бұл Елбасының БҰҰ-на жасаған ұсынысы бойынша 29 тамыз - Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні деп бекіді.
Хамид Абдеррахим, Ядролық зерттеу орталығы директорының орынбасары:
Қазақстанға, ел Президентіне алғысым шексіз. Себебі, Қазақ Президентінің арқасында 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні деп бекітілді. Ядролық орталықтың қызметкері ретінде өзім осы шешімге қатты қуандым.
Әлем елдері Қазақстанның соңынан еріп, антиядролық бастамаларына қолдау көрсетуі тиіс. Қазақ елі ядролық технологияны, энергияны тек бейбіт мақсатта пайдалануды қолдайды. Біз бейбітсүйгіш Қазақ елінің институттарымен қоян-қолтық жұмыс жасап, ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз.
Елбасы жариялаған манифестің мақсаты да осы. Мың өліп, мың тірілген қазақ ендігі күнін барша адамзатпен бірге бейбіт өмірде, соғыссыз әлемде өткізгісі келеді.
«Сондықтан, миллиондаған адамды барған сайын мынадай сұрақтар толғандырады. Әлемдегі жағдай қай бағытта өрістейтін болады? Жетекші алыптар арасындағы қарама-қайшылықтар олардың арасындағы ұзақ мерзімді жаңа текетіреске ұласып кетпей ме?
Қай елдер жаһандық және өңірлік алып елдер жүргізіп отырған «прокси-соғыстардың» келесі құрбандығына айналуы мүмкін?
Әзірше гүлденіп тұрған қай елдің жерін танктердің шынжыр табаны таптап, снарядтардың жарылысы талқан етпек? Қай қалаларда балалар зымырандар отынан өлім құша бастауы мүмкін? Жанжалдан қашқан босқындардың жаңа ағыны қайдан және қайда лап қояды?»
Осының барлығына жауап ретінде Мемлекет басшысы биік мінберден жариялаған манифесінде бес бағыттан тұратын кең ауқымды бағдарламасын ұсынды.
БІРІНШІ. Ядролық және басқа да жаппай-қырып жоятын қарудан толықтай азат әлемге қарай дәйектілікпен ілгерілеу.
ЕКІНШІ. ХХІ ғасырда өмірлік іс-әрекеттің тәсілі ретінде соғыстың түп-тамырын біртіндеп жойып, орнықты әлемнің географиясын қалыптастыру.
ҮШІНШІ. Кең ауқымды халықаралық ынтымақтастыққа кедергі келтіретін әскери блоктарды еңсеру.
ТӨРТІНШІ. Халықаралық қарусыздану үдерістерін жаңа тарихи жағдайларға бейімдеу.
БЕСІНШІ. Соғыссыз әлем – бірінші кезекте, халықаралық қаржы, сауда-саттық және даму саласындағы жаһандық бәсекелестіктің әділетті парадигмасын орнату.
Осы бес бағыттың ортақ мақсаты - барша адамзат баласына «қару, соғыс, қантөгіс» деген сөздерді ұмыттыру.
«ХХІ ғасырда әлемге тыныштық керек. Бұл – шетін мәселе. Адамдардың өткен ғасырдағы жасағаны секілді, ХХІ ғасырда да бейбітшілік үшін байыптылықпен және табандылықпен күресу керек. Біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы ойлауға тиіспіз.
Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдарының, бизнесмендерінің, өнер қайраткерлерінің және миллиондаған адамдарының күш-жігерін жұмылдыру қажет».
Жалпы, бұған дейін Жер өркениеті, ғалымдардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты, яғни жылына 3 соғысты басынан өткерген. Оларда жүздеген миллион адам қаза тауып, Жер бетінен қалалар мен елдер жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған.
Соған қарамастан, қарулану процесі әлі де тоқтар емес. Ал, Елбасының осы «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесі, ХХІ ғасырда өмір сүретін және жұмыс істейтін өскелең ұрпақтың тағдырына шынайы алаңдаушылықтан туындап отырған дүние.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ