Биыл қазақ даласынан адамзат баласының алғаш ғарышқа ұшқанына – 55 жыл.
Осыдан 55 жыл бұрын Юрий Гагарин мінген «Восток» кемесі көкке көтерілді. Бұл сәт тарихымыздың ең бір жарқын тұстарының бірі десек те болады. Себебі, алғаш рет адам ғарышқа басқа емес, тура біздің қазақтың топырағынан аттанды. Хош.
Сол 1961 жылдан бері көп дүние өзгерді. Адамзат ғарышты игеруде тым алдыға кетті. Юрий Гагариннен соң, 545 адам ғарышқа ұшып үлгеріпті. Әуелде тек біреу ғана болса, бүгінде жер мен көктің арасын 28 ғарыш айлағы жалғап тұр.
40-тан астам ел аспанға аппаратын ұшырып, Жердегі шаруасын енді сол көктегі көлігімен шешіп жүр. Ғарышты игермегендер жер-суымды көктен түсіріп бер,-деп серігі барларды жағалайды. Қыруар ақшасын береді. Күні кешеге дейін, біз де осы қатарда жүрдік. Жыл сайын 10 миллиард теңге төлеуші едік. Ал, телефон, телевизия байланысы үшін 32 миллион доллар беретінбіз.
Дәл қазір, зеңгір көкте қазаққа тиеселі 4 жерсерігі ұшып жүр. Осы төртеу бізді - ғарыштық технологиясы бар 30 елдің, ал, жоғары технологиясы бар 10 елдің қатарына қосты.
Төрт жерсерігіміз бар дедік қой. ҚазСат-2, ҚазСат-3. Сосын ҚазГеоСат-1 және ҚазГеоСат-2 деп аталады олар. Қайсысы қандай шаруа тындырып жүр?
Жерді айнала ұшып жүрген жеті мыңнан астам серік, бар-жоғы 3 түрге бөлінеді. Әуелгісі жерді зондтайды яғни, суретке түсіреді. Бұған біздің ҚазГеоСат-1 мен 2 кіреді.
Ал, серіктің екінші түрі навигацияға арналған. Бұл аппараттар – көліктің, ұшақ пен кеменің қай жерде кетіп бара жатқанын көрсетеді. Үшіншісі телебайланысқа арналған. Біздің ҚазСАТ-2 және ҚазСАТ-3 осы санатқа кіреді.
Хош, әуелгі әңгімені зондтаушы серік - ҚазГеоСаттан бастасақ. Олардың түсірген суреттері арқылы – өрттің таралу аймағын білуге болады. Қала қаншалықты кеңейгенін, егістің көлемін көре аласыз. Бұл аппарат Жердің бетін ғана түсірмейді, арнайы сәулемен сүзіп, тау астындағы темір, алтын, мыс кенін де таба алады.
Айдын Айымбетов, «Қазақстан ғарыш сапары» АҚ вице-президенті:
ҚазГеоСат-1 жоғары дәлдікті аппарат. Ол көлемі 10 сантиметр затты мәселен, кітапты, ондағы жазуды да суретке түсіреді. Ресейдің өзі біздің ғарыш суреттерінің сапасына қатты қызығып, бізден сатып алуды ойластырып жатыр. Қырғызсан, Өзбекстан елдеріне жуық арада спутниктік суреттерді сата бастаймыз.
Біз Қорғаныс министрлігі, ауыл шаруашылығы және төтенше жағдайлар қызметіне ғарыштық фотоларды тегін беріп отырмыз. Айта кетейік, бұрын Қазақстан космостық суреттер үшін жерсерігі бар елдерге жылына 10 миллиард теңге төлеп отыратын.
ҚазСат-2 және ҚазСат-3 жайлы айтар болсақ. Бұл екеудің пайдасын санамаласаң, тауысу мүмкін емес. Бастысы – ақпараттық қауіпсіздікке қолымызды жеткізді. Былай ғой, күні кешеге дейін, біздегі телевизия, телефон байланысының операторлары – америкалық ИнтелСат, нидерландылық NSS-6 жерсерігінің қызметіне жүгінетін. Яғни, ақпаратымыз өзгенің қолында. ҚазСаттардың көкке көтерілуі бұл мәселені шешті әрі талай теңгенің үнемделуіне себеп болды.
Мейірбек Молдабеков, АЭРО Ғарыш комитеті төрағасының орынбасары:
Біздің Қазақстанның ғарыш байланысына сұранысы 6 миллиард көлемінде. Енді биыл 7 миллиардқа көтерілді. Соның 3,5 миллиардын былтыр біз өзіміз қызметпен жаптық. Биыл оны 4 миллиардқа көтереміз.
Ары қарай, шетелдің жерсеріктерін пайдаланып жатқан операторлары бізге келешекте ауысады. Өздерінің келісімінің мерзімі біткеннен кейін. Сонда барлық, 7 миллиард қызмет өзіміздің жерсерігіміз арқылы атқарылады.
Бір дүниені ұмытып барамыз. ҚазСат-2 мен 3 өте күрделі жерсеріктер саналады. Қазақтың мұндай аппаратты ұшырып әрі оны басқарып отыруының өзі үлкен жеңіс, жетістік.
Александр Стыцура, навигациялық-баллистикалық қамту бөлімінің басшысы:
ҚазСат қазір Қазақстанның үстінде тұр. Осы нүктеден ауытқымауы үшін, сағат сайын код-бағдарлама жазып, жіберіп отырамыз. Ал енді аппараттың жұмысына келсек, біздің мекеме бүкіл теледидар, телефон, интернет сигналды қабылдап алады да, оны Қазсатқа жібереді.
Ол күшейтеді де, қайта жерге жібереді. Күшейген сигналдың қамту аймағы орасан болады. Мәселен, телемұнаралардың сигналы ары кетсе, 300 шақырымға барса, спутник арқылы бүкіл Қазақстанды қала берді, Орталық Азия елдерін де қамтып отырмыз.
Нүкте деп қалды ғой. ҚазСаттың екеуінің де тұрған нүктесі Ресейдікі. Жалға алғанбыз. Ал, өзіміздікі қайда? Мәселе былай екен. Аспан шексіз болғанмен, Жердің айналасында бос кеңістік жоқ. Бізге дейін үлгергендер алып қойған. Қазір, көктен өз орнымызды алу үшін, таласып, тырмысып жатырмыз.

Қазір біз кезекте тұрмыз. Егер 2023 жылға дейін жерсеріктерін ұшырып бітсек, онда сол нүктені ала аламыз.
Айтпақшы, бұ жолғы ғарыш аппараттары қазақтың қолымен құрастырылған болуы керек. Француздан сатып алған, орысқа жасатқан деген енді болмайды. Апта басында, Ақкөл қалашығындағы жерден басқару кешеніне келген сенаторлар осылай деді. Дәл қазір, жерсеріктерді құрастыра алатын 40-қа жуық қазақ инженері бар екен. Астана іргесіндегі зауыттың құрылысы аяқталса, іске кірісуге дайын олар.
Бауыржан Құдабаев, республикалық ғарыштық байланыс орталығының вице-президенті:
Қазір өзімізде, Ресейде оқып келген мамандар жұмыс істеп жатыр.
Осы кездесуде Байқоңыр тағдыры да талқыланды. Тараптар Ресей кете қалған жағдайда айлақтың қаңырап қалмауы үшін тездетіп қазақстандық зымыран құру қажеттігін сөз етті.

Петропавлда ауыр машина жасау зауыты бар. Сонда әскери зымырандар шығарылатын технология бар. Бірақ, ол қазір бізге жеткіліксіз.
Франция, Украина, Үндістан елдері зымыран құрастыруда көмек береміз деп уағдаласып та қойыпты. Егер бұл айтылғандар орындалып жатса, Қазақстан әртүрлі ғарыш аппараттарын өз зымыранымен орбитаға шығаруға мүмкіндігі болады. Яғни, Байқоңырды шын мәнінде игеру, одан пайда көру дәуірі басталады.
Нұрбек БЕКБАУ