Сымдай тартылған сымбатты, айбынды сарбаздар. Ел қорғаны. Әрқайсысы өз ісінің мықтылары. Ерен еңбектің үлгісін көрсеткен ерлер Мемлекет басшысының қолынан шен алмақ.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Бүгінде бес қаруы сай Қазақстанның қарулы күштері ел қорғанысына берік. Осы мерекелердің алдында дәстүріміз бойынша біз үздік шыққан әскери адамдарға өзінің өмірін осы әскери қызметке сарп еткен азаматтарға тиісті жоғарғы деңгейдегі шен береміз. Сіздер Отанымыздың қауіпсіздік әлеуетінің арта түсуіне зор үлес қосып келе жатырсыздар. Өмірлеріңізді осы жұмысқа бердіңіздер. Мына атақты Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойында алдық деп айтып жүресіздер.
Күні-түні кірпік қақпай елдің тыныштығы мен тұрақтылығы үшін басын бәйгеге тігуге даяр жандар. Оларға қойылар талап та – осы. Себебі, жастар аға буынға қарап бой түзейді. Демек, генерал деген айбынды атаққа дақ түсірмей, офицердің ар намысын қашанда биік ұстау – парыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгін сендерге шен беретін маған серт, сол шенді абыроймен алып жүрмеу сендерге серт. Бір-бірімізді ұятқа қалдырмайық.
Айдын Айымбетов сияқты бір топ азаматтар мәртебелі марапатқа лайық болды. Қазақ атынан үшінші болып көкті бағындырған ұшқыш, осымен екінші мәрте Президент қолынан мемлекеттік награда алды. Халық қаһарманы, енді генерал-майор. Мұндай шенді Президент ісіне мығым, қызметін абыроймен атқарған 20 жуық әскериге берді. Жоғарғы Бас қолбасшының үлкен сеніміне ие болып, марапатын алған азаматтар, ел үшін аянбай еңбек етуге ант берді.
Әскер - әр кез Отан қорғаны. Елдің тек, қауіпсіз әрі бейбіт дамуы – Қазақстанның одан әрі өркендеуінің кепілі,-деді Мемлекет басшысы. Бұдан соң, Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекеттік наградаларды табыстады.
«Fokker – 100» әуе кемесінің командирі Дмитрий Родинге «Халық қаһарманы» атағы берілді. Атаққа алғыс айтқан Халық қаһарманы, сенімге селкеу түсірмей, Отан алдындағы міндетті мінсіз атқаратынын айтты.
Жоғары дәрежедегі «Халық қаһарманы» атағына Қанат Үмбетов те лайық деп танылды. Ер есімін ерекше атаған Елбасы, оның қарамағындағы жауынгер үшін өліммен бетпе-бет келіп, көп жарақат алғанын атап өтті.
Ал, Әсем Жәкенованың кеудесіне «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі тағылды. Мерген. Мемлекеттік марапатқа ие болғандардың арасындағы жалғыз қыз. Әсемнің мергендікті меңгергеніне тура 10 жыл. Талай додаға қатысып, құралайды көзге атқан ару.
Мереке қарсаңында ҰҚК, ІІМ, Қорғаныс саласында еңбегі еленген азаматтарға «Даңқ», «Айбын» ордендері мен «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары табысталды.
Бағлан Қарымбаев, Жол патрульдік полициясының аға-сержанты:
Былтыр қазан айында болған оқиға. Гете көшесінде оны автокөлік сүйреп кетіп, көліктің жүргізушісі іздеуде жүрген қылмыскер болып шықты. Маған қарсылық білдіріп, мен оны тоқтатып, ұстадым. Соны Елбасымыз бағалап, мейрамда медаль берді.
Ерен еңбегімен дараланған батырлардың мерейін үстем еткен Президент, мемлекеттік марапат – мәртебемен қоса зор жауапкершілік жүктейтінін ескертті.

Сіздер әскери қызметпен бірге азаматтық парызды абыроймен атқарып жүрсіздер. Ел сүйсінген ерліктеріңізбен еңбектеріңіз ұрпаққа өнеге. Жастар өздеріңізге қарап түзеледі. Мейрам қарсаңыда ерлігімен жеке еңбегімен елге танылған азаматтарды марапаттау игі дәстүріміз болып келе жатыр. Жоғары мемлекеттік марапатқа ие болу Сіздерге құрметпен бірге зор жауапкершілік жүктейді. Алдағы уақытта да осы сенім мен жауапкершілік үдесінен шығады деп сенемін! Еңбектеріңіз елге үлгі бола берсін!
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ