Жаһанның «жуан» елдері Сирия мәселесін тағы да Қазақ елінің бас қаласында талқылайды. БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы елшісі Стаффан де Мистураның айтуынша, 6 ақпан күні, яғни ертең елордада БҰҰ-ның қатысуымен Астана процесінде қол жеткізілген тетіктердің жұмысына қатысты техникалық кездесу өтеді. Арнайы елші, сонымен қатар, ұйымның Қауіпсіздік кеңесіне 8-20 ақпан аралығында Женевада өтеді деп жоспарланған сирияаралық кездесулерді кейінге шегеруді ұсынғанын айтты. Себебі, Астанада айтылған бастама жүзеге асып, қақтығысушы тараптардың ымыраға келіп, пікірталасқа дайындалуы үшін уақыт қажет.
Ержан ҚАЛЫМБАЙ
Ержан ҚАЛЫМБАЙ