Астана процесі өз нәтижесін беруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана процесі өз нәтижесін беруде

09.07.2017

Сирия дағдарысы - 21-ғасырдағы жаһан тарихындағы күрмеуі ең қиын саяси шиеленістердің бірі. Оның үстіне, әлемдік тәртіп түзіп, өздерінің ықпалын көрсеткісі келетін алып елдердің текетірес алаңы. Сондықтан да, үлкен мүдделер бар жерде алпауыт ойыншылардың тез мәмілеге келіп,  мәселенің оңай шешім табуы қиын. Сирия жанжалын бейбіт реттеуге қатысты Женевада ұйымдастырылған сан жиынның бірден жеміс бермеуі, Астана процестерінің ауыр өтуі - соның дәлелі. Алайда, елордада жыл басынан бері өтіп келе жатқан келіссөздер нәтижесіз емес.   

 

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу