Миллионыншы болу - миллионер болу емес. Ол байлық та емес, бақыт та емес. Ол - миллиондардың біріне ғана бұйыратын несібе. Тәңірдің тосынсыйы.
Сәбидің есімі - Мүслима. Әке-шешесі бірі - психолог, бірі - дефектолог болып жұмыс істейді. Осыған дейін атақ қумаған, қоңыр тіршіліктерін қанағат қылған отбасы.
Бұл жаңалыққа Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та ерекше қуанып жүр. Саматтың жалдамалы екі бөлмелі пәтеріне артынып-тартынып жеткен әкімшілік бір-ақ сәтте үй ішін сыйлыққа көміп тастады.
Әкім жас отбасыға күзге қарай 3 бөлмелі жаңа пәтер беретінін айтып қуанытты. Сәбидің әкесі Саматтың өзі 4 ағайынды. Әулетте 7 немере бар. Соның жетіншісі болып, Мүслима туған.
Айнұр ОМАР