Елбасы «ЭКСПО» көрмесі барысында қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін арнаулы органдардың қызметкерлеріне алғыс айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «ЭКСПО» көрмесі барысында қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін арнаулы органдардың қызметкерлеріне алғыс айтты

08.10.2017

Осы аптаның басында Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін жинады. Кеңес әдеттегідей жабық форматта өтті.

Жиында қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жаһандық факторларды қамтитын өзекті мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, табиғи және техногендік төтенше жағдайларға қарсы тұру барысында қолданылатын күштер мен құралдардың қазіргі ахуалы сөз болды. Сонымен қатар, Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің рөлі мен мәртебесін одан әрі арттыру жөніндегі мәселелер қарастырылды.

Кеңесте Елбасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу барысында қауіпсіздікті ойдағыдай қамтамасыз еткені үшін құқық қорғау және арнаулы органдардың қызметкерлеріне алғыс айтты.

Хабарламаларға жазылу