Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру - Тәуелсіздіктен кейінгі едәуір маңызды шара болмақ. Бұл қадамға біз бір күнде келген жоқпыз. Кейбіреулер айтқандай, асығыс жасалған шешім емес. Оның дайындығы 90-шы жылдардың басында-ақ басталған болатын.
Алдымен қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Оның қолданыс аясы шама-шарқынша кеңейтілді. Қазақ мектептері мен жоғары оқу орындары көптеп ашылды. Мемлекеттік кадрлар даярланды. Содан бері елдің ұлттық құрамы мен құрылымы да әжептәуір өзгерді. Енді міне, осы алғышарттар жүзеге асырылғаннан кейін, әліппе ауыспақ.
Индира БЕГАЙДАР