Тәуелсіздік алған ширек ғасырда еліміз қол жеткізген түрлі белестердің біразын бағындыруда дипломаттардың қосқан үлесі орасан. Елімізде ұйымдастырылған қандай да бір айтулы басқосудың жоғары дәрежеде өтуіне, не болмаса шет мемлекеттерде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыруда олар атқарып жүрген қызметтің құндылығы айтпаса да түсінікті. Сыртқы істер министрлігі ұсынған соңғы деректерге қарасақ, бүгінде 57 мемлекетте тұрақты және өкілетті елшілеріміз бар екен.
Бұл аптада біз сол сыртта жүрген, жат елде қазақ елінің сөзін сөйлеп, саясатын жүргізіп отырған елшілердің рейтингін жасауды жөн көрдік.