Иордания Королі ІІ Абдалла Сириядағы шиеленісті шешуге күш салып отырған ресми Астанаға алғысын білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иордания Королі ІІ Абдалла Сириядағы шиеленісті шешуге күш салып отырған ресми Астанаға алғысын білдірді

05.11.2017

Сирия мәселесін біржола тезірек шешуге сол елге көршілес жатқан Иордания елі де мүдделі. Дәл жанында қырғын-сүргіннің болып жатқанын кім қаласын?!

Осы аптада Елбасы Иордания Королі ІІ Абдалламен кездесті. Тараптар елдер арасындағы сауда экономикалық, мәдени-гуманитарлық мәселелерді таразылап, күн тәртібіндегі халықаралық оқиғаларға тоқталды.

Атап айтсақ, Сириядағы соғыс. Иордания Сириямен шекараласады. Яғни, «көршінің үйі өртенсе, ұшқыны саған да тиюі мүмкін»-деген қағида бар. Король Абдалла 2-ші шиеленісті шешуге күш салып отырған ресми астанаға алғысын білдірді. Ал, Нұрсұлтан Назарбаев корольдің бейбітшілік елшісіне айналғанын айтып, оған «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін» халықаралық сыйлығын табыс етті.

Дулат ЖЕКСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу