Қазақ-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы 2003 жылдан бері өткізіліп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы 2003 жылдан бері өткізіліп келеді

12.11.2017

Жыл сайын өткізіліп келе жатқан осы өңіраралық ынтымақтастық форумы алғаш рет 2003 жылы Омбыда өткізіліп, Қазақстанның Ресейдегі жылы шарасымен тұспа-тұс келді. Шекара мәселесі талқыланып, эконономикалық және саяси әріптестік сөз болған екінші форум дәл осы Челябіде ұйымдастыралған еді. Үшіншісі, 2006 жылы Орал қаласында, ал, төртіншісі Новосібір қаласында өтті.

«Жоғары технологиялар – өңірлерге. Шекарадағы ынтымақтастық» деп аталған бесінші кездесу Ақтөбеде өтті. Ал келер, 2009 жылы Орынборда өткен форумда энергетикалық әріптестік талқыланды. Одан кейінгі жылы Өскеменде өткен басқосу тақырыбы «Орнықты даму және жоғары технология» болды. Ал келесі жылдары, Астрахань мен Павлодарда ұйымдастырылып, «Трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайда елдердің бірлесе әрекет етуі» мен «Инновациялық ынтымақтастық» жайы сөз болды. Оныншы мерейтойлық форум 2013 жылы  Екатеринбургте өтті, -  «Өнеркәсіп кооперациясы».

Одан кейінгі екі жылда Атырау мен Уфада өтсе, былтыр Астанада өтті. Атауы - «Еуразия кеңістігінің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту». Жалпы, қос елдің басшылары өңіраралық ынтымақтастық форумының бірде-бірінен қалған жоқ. Ал, ол форумдарда тұрақты түрде маңызды құжаттарға қол қойылады.

Ержан ҚАЛЫМБАЙ

Хабарламаларға жазылу