Елбасы апта басында Дін істері және азаматтық қоғам министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы апта басында Дін істері және азаматтық қоғам министрін қабылдады

12.11.2017

Апта басында Мемлекет басшысы Дін істері және азаматтық қоғам министрін қабылдады. Нұрлан Ермекбаев Президентке азаматтық қоғамдағы қазіргі жағдай мен дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев ведомствоның жаһандағы және өңірдегі сын-қатерлер аясында атқарып отырған жұмыстарының өзектілігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, министр діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, еріктілермен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін айтты.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу