Алматыда апта басында жаңбыр құйып кетті. Көлік жүретін кейбір көшелер мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар да жауын суына толып қалды. Арықтар арнасынан асып төгілді. Тұрғындар «бұл коммуналдық қызметтегілердің салғырттығы» деп кейіді. Өйткені, үсті-басы малмандай су болған жұрт жүретін құрғақ жер таба алмай әбден қиналды.
Келесі аптаның ортасында Алматыда қар жауады деген болжам бар. Синоптиктер солай дейді. Алатау баурайында қыс мезгілі келгенде қар қалың жауатын болып жүр. Биыл да күн суытып, жылу беретін орталықтар әбігерге түсетін түрі бар. Еліміздің өзге өңірлері де қамданып жатыр. Алдағы қысқа әзірлік қалай? Мирас Мұқаштың зерттеуі.
Мирас МҰҚАШ