Еліміздегі мерзімді басылымдар мен сайттарда ең көп талқыланған мақалаларға шолу (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі мерзімді басылымдар мен сайттарда ең көп талқыланған мақалаларға шолу (ВИДЕО)

12.11.2017

«Қырғызстаннан келген жемістерден құрт шығып жатыр», - деп хабарлайды «Qamshy.kz». Жамбыл облысында жүргізілген фитосанитарлық тексеріс кезінде Қырғызстаннан келген 47,9 тонна құрманың ішінен комсток құрты және 20 тонна кепкен жемістерден шығыстық жеміссабақ шығыпты. Еуразиялық экономикалық одақтың ережелерін бұзғандығы үшін бұл өнімдер Қырғызстанға кері қайтарылған.

«Алаш идеясы азат Қазақстанның «рухани жаңғыруымен» үндес». «BAQ.kz»-те жарияланған мақалада Мемлекеттік хатшының пікірі беріліпті. Гүлшара Әбдіқалықова елімізде жүзеге асып жатқан бұл тұғырлы бағдарламаның Алаш қайраткерлерінің мақсатымен үндес екенін айтады.

«Латын әліпбиіне өту арқылы біз үлкен тілдік реформа жасаймыз». «Ult.kz»-те Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеевтің осындай пікірін жариялаған екен. «Латын әліпбиіне көшу – ұлттық мүддемізді қорғаудың басты тетігі. Елбасымыз айтқан «Ұлттық кодымызды» сақтау үшін және шетелде тұрып жатқан қандастарымызбен қарым-қатынасымызды жақсарту жолындағы маңызды шешім», - дейді автор бұл мақаласында.

«Abai.kz»-те жарияланған «Журфак жалғыз болмайды, Шораев мырза!» деген  мақалада Нұргелді Әбдіғаниұлы сарапшылардың пікірін топтастырған екен. Тек Шораевтың ұсынысына қатысты ой айтқан төрт сарапшының үшеуінің пікірі бірдей болып шықты. Яғни, үшеуі бастамаға қарсы. Ал, Арман Шораев «ҚазҰУ-дан басқа университеттерде журналистика факультеттерін жабу керек»,- деп бастама көтерген еді.

Осы «Abai.kz»-те Қарлыға Ибрагимованың Есенғали Раушановтан алған сұхбаты да жарияланды. Өткен айдың басында ғана 60-қа толған ақын біраз соқталы ой айтыпты. «Әмірхан Балқыбек деген балаға неге асықтың дегім келді» деп тебіренеді. Есенғали ағамыздың «...Әдебиетке сондай көп оқитын, шығармашылыққа шын берілген адамдар керек еді. Амал не?!» деген сөзіне біздің де алып-қосарымыз жоқ.

Хабарламаларға жазылу