Елімізде таза ауызсу мәселесі әлі күнге дұрыс шешімін таппай келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде таза ауызсу мәселесі әлі күнге дұрыс шешімін таппай келеді

26.11.2017

Вице-премьер әрі Ауыл шаруашылығы министрі ауылдық жерлерді қарапайым ауызсумен қамтамасыз ету үшін 10 жыл керек деп отыр. Не себепті ондай ұзақ мерзім қажет екенін Мырзахметов түсіндірмеді. Есесіне қанша қаржы керек екенін санап та қойыпты. 373 млрд теңгесіз шаруа бітпейтінге ұқсайды. Статистика бойынша, еліміздегі 6,5 мыңнан астам ауылдың 3 мыңға жуығы орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаған. Жартысына жуығы әлі қарапайым суға зәру болып отыр. Бұл туралы осы аптада Парламент Мәжілісінде өткен жиында да айтылды.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу