«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «100 жаңа есім» жобасы мәресіне жетті. Олар Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің арасынан қатысқан 3000-нан астам үміткердің ішінен онлайн дауыс беру нәтижесінде анықталды. Дені – жастар. Солай болуы тиіс те еді. Осы аптада ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жоба жеңімпаздарымен арнайы кездесті.