Тәуелсіздік мерекесі шыршаның тасасында қалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік мерекесі шыршаның тасасында қалып жатыр

03.12.2017

Желтоқсан айы мерекеге толы. Мейрамдар іркес-тіркес сабақталған. Бірақ, солардың ішінде кезек пен ретті бұзып, бар назарды өзіне жұлып тұрғаны – әрине Жаңа жыл. Жасыратын несі бар?! Көп жерде көретінің бір-ақ көрініс: сән түзеп жасанған, қызылды-жасылды шамдары жарқ-жұрқ еткен шырша алдыңғы қатарда тұрады. Ал, Тәуелсіздік күнін әспеттейтін суреттер мен өрнектер аса көзге ілінбейді. Білінбейді де. Мүлдем жоқ дей алмаймыз, бар. Алайда, ол баннер мен плакаттар өте сирек жаңарады, жылда қайта ілінеді. Ал, шыршаның әңгімесі, тіпті, бөлек. Ол желтоқсан басталмай жатып-ақ төрге жайғасады. Ені мен биіктігі де жылда өседі. Ал, сол шырша орнатқыштар борсық сияқты, ұрған сайын ісіне береді. Биыл халықтың сөзіне құлақ асып, көңілінен шығып жатқан әкімдер де бар.

Ең бірінші Тәуелсіздік мерекесін барынша кең ауқымды тойлап алып, тек содан кейін ғана Жаңа жылға ойысамыз деп отыр олар. Биыл Астана әкімі де сондай шешім қабылдады. Дегенмен, түйсігімен Тәуелсіздікті түсіне алмай, санасымен азаттықты қабылдамай жүрген шенділер де жетерлік. Оларға Тәуелсіздіктің қадірінен құлқының құдіреті күшті болып тұр.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу