Осы аптада көпшіліктің талқысына түскен тақырыптың бірі – Мәдениет және спорт министрінің Парламенттегі Үкімет сағатында айтқаны болды. Бұл жолы Арыстанбек Мұхамедиұлы «аш адам шығармашылық шыңына тез жетеді» деген қағидат бар деп, талай адамның ашу-ызасын тудырды. Кейін министр сала қызметкерлерін аш ұстау емес, керісінше тұрмысын түзеу керек деген мағынада айтқанын түсіндірумен болды. Оның сөзін бұрмалап жариялап жіберген болса, ол ақпарат көзі жазалануы тиіс, әрине. Бірақ, жалақыдан да бөлек, бұл салада орны толмас олқылық жетерлік. Әлі күнге дейін кейбір ауылдарда мәдениет үйлері атымен жоқ, барына ие бола алмай келеміз. Министрліктің оны шешуге құзіреті жетпейді екен, жергілікті атқарушы органдардың басы ауырып жатқаны шамалы.
Индира БЕГАЙДАР