Бүгін Астана тарихында ерекше күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астана тарихында ерекше күн

10.12.2017

Осыдан 20 жыл бұрын, дәл осы күні ел орталығы Алматыдан ресми түрде Ақмола қаласына көшірілді. 1997 жылдың  10-желтоқсанында Ақмола қаласының орталық алаңында салтанатты жиын өтіп еді. Мемлекет басшысы сол жерде Ақмоланы Қазақстанның жаңа астанасы деп жария етті. Бұл қадамның тарихи маңыздылығы кешегі қабылданған латын қарпіне көшу Жарлығынан еш кем емес. Содан бері, міне 20 жыл өтті. 20 жыл ішінде шағын қала сәулетті шаһарға айналды. Ал, ең бастысы, қала халқының саны ғана өсіп қойған жоқ, оның ұлттық және әлеуметтік құрамы түбегейлі өзгерді. Ал, енді осы тарихи кезең қалай басталып еді?

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу