Желтоқсан - қазақ үшін қастерлі ай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Желтоқсан - қазақ үшін қастерлі ай

17.12.2017

Осыдан тура 100 жыл бұрын, 1917 жылдың 13-ші желтоқсанында Алашорда үкіметі құрылған еді. Алаш үкіметінің арманы - азаттық, мақсат мұраты - Тәуелсіз ұлттық басқару жүйесін құру болатын. Орынбор қаласында өткен 2-ші жалпықазақ съезінің құндылығы да, маңызы да осында. Бұл айтулы оқиға жайында аз айтылып, аз жазылған жоқ. Түрлі мәдени шаралар, алқалы жиындар да жиі өтіп тұрады. Алаштың асыл арыстары Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Шоқайға ескерткіш те орнатылды. Дегенмен, бүгін біз сол жылдарға тағы бір көз жүгірткенді жөн санап отырмыз. Әңгіме Алаш үкіметінің алғашқы басшысы Мұстафа Шоқай жайында болмақ.

 

Әлімжан САБЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу