Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты емес мүше ретінде өз жұмысын бастағанына жылға жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты емес мүше ретінде өз жұмысын бастағанына жылға жуықтады

24.12.2017

Мүшелікке өтудің өзі оңай шаруа емес екені белгілі. Ол үшін  ұйымға мүше 193 мемлекеттің кем дегенде үштен екісі қолдап дауыс беруі тиіс. Тиісті қолдауға ие болған еліміз қазір он сайланбалы мүшенің бірі ретінде қызмет атқарып отыр. Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстанның негізгі ұстанымдары қандай болатынын Елбасы тұжырымдық құжатта көрсеткен еді. Мұнда 7 басымдық қамтылған. Олар: ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу, жаһандық соғыс қаупін жою және жер-жердегі қақтығыстарды реттеу. Сондай-ақ, Қазақстан Орта Азия елдерінің атынан сайланып отырғандықтан, ұлттық мүдделерімізбен қатар, аймақтың мүдделерін де күн тәртібіне шығаруға міндетті. Бүгінге дейін Қазақстан 250-ден астам саяси отырысқа қатысты. Ауғанстандағы, Корей Халық Демократиялық Республикасындағы саяси жағдайларға байланысты қарарларды қабылдауға атсалысты. Сонымен қатар, Қауіпсіздік Кеңесінің кейбір ішкі құрылымдық жұмысын басқарып отыр.

Ал, келер жылдың қаңтарында еліміз бір ай бойы Қауіпсіздік Кеңесіне төраға болады. Ай сайынғы ротация негізінде ауысып отыратын төрағалық міндет Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің «шырқау шыңы» болмақ. Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде еліміз бірнеше шара ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Хабарламаларға жазылу