Қазақстанның сыртқы сауда айналымы қысқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы қысқарды

20.12.2014
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы қысқарды

Бұл туралы бүгін  Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова мәлім етті. Оның айтуынша, биыл негізгі капиталға салынған инвестициялардың өскені байқалады. Алайда, бұл ретте тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде инвестициялық белсенділіктің төмен болуына байланысты оның қарқыны өткен жылдың осындай кезеңіндегі 8,7 пайызға қарағанда 4,1 пайызға дейін баяулапты. Мұнай мен негізгі металдардың әлемдік бағасының құлдырауына, мұнай, көмір, ферроқорытпалар, мыс пен алюминий экспортының нақты көлемдерінің қысқаруына байланысты биылғы жылғы 10 айда тауарлар экспорты 4,9 пайызға қысқарды. Мұнай өнімдері, жеңіл автомобильдер мен қосалқы бөлшектер, жиһаз, кондитерлік бұйымдар импортының төмендеуі есебінен тауарлар импорты 14,5 пайызға қысқарған.

Индира БЕГАЙДАР  

Хабарламаларға жазылу