Мемлекет басшысы осы аптада жұмыс сапарымен Өзбекстанға да барып келді. Самарқанд қаласында Шавкат Мирзиёевпен кездесті. Қос президент екі ел арасындағы бүгінгі қарым-қатынасты жоғары бағалап, оны әрі қарай дамыту жоспарын талқылады. Елбасы әсіресе, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Мысалы, өзара сауда айналымының көлемі ұлғайған, екі елдің бизнес өкілдері арасында байланыстар ілгерілеп келе жатыр. Бұдан бөлек, Елбасы Ш.Мирзиёевпен бірге «Қазырет Қызыр» мемориалды кешеніне барып, Өзбекстанның тұңғыш Президенті Ислам Кәрімовтің рухына дұға етті. Сондай-ақ, Наурыз мейрамына орай, қос Президент Самарқандтың бірқатар мәдени-тарихи орындарын аралады.
Естеріңізге сала кетсек, 15 наурызда Астанада Орталық Азияның бес мемлекеті ортақ мерекеге орай бірлескен мәлімдеме жасап, көрші бауырлас халықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаған еді.
Бақытжан ОМАР