Құны құрық салдырмай келе жатқан дизель отынының құбылуына не себеп? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құны құрық салдырмай келе жатқан дизель отынының құбылуына не себеп?

15.04.2018

Ауыл шаруашылығы саласына қатысты өткен жылдан бері шешімін таппай келе жатқан шетін мәселе бар. Ол қысқа күнде қырық құбылған жанар-жағармай бағасының тұрақсыздығы. Мәселен, өткен айда ғана дизель отынының 1 литрі 156 теңге еді. Осы айда 161 теңгеге өскен. Күзге дейін қалай құбыларын еш пенде нақты болжап айта алмайды. Бұл - енді ғана көктемгі егіс жұмыстарына кіріскен шаруаларды шығынға батыруы әбден мүмкін. Құны құрық салдырмай келе жатқан сұйық отынның құбылуына не себеп? Бұл ауыл шаруашылығы саласына қалай ықпал етеді?

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу