Үкімет пен «Самұрық-Қазына» алдағы 10 жылға жаңа стратегия дайындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет пен «Самұрық-Қазына» алдағы 10 жылға жаңа стратегия дайындады

22.04.2018

Мемлекет басшысы бейсенбіде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. 2008 жылы Президент Жарлығымен құрылған қор бүгінде ел экономикасының басты қозғаушы күшіне айналған. Қорға бірнеше ірі компаниялар қарайды. Жиынтық активі шамамен 68 млрд. доллар шамасында. Бұған дейін даму стратегиясы қабылданған. Онымен беріге дейін жоспарлы міндеттер атқарылды. Бірақ, қазіргі жағдайдағы өлшемге салған талап басқа. Сол себепті, қордың жұмысын әрі қарай жандандыру үшін жаңа бағдарлама және жаңа міндеттер қажет. Халықаралық қаржы саясаты, көмірсутекті шикізат бағасы және әлемдегі саяси алаңдағы текетірестерге қарсы тұру үшін стратегияны өзгертпесе болмайды. Осы орайда Үкімет пен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры алдағы 10 жылға арналған жаңа Стратегияны дайындады. Мемлекет басшысына таныстырды. Сонымен, нақты бірнеше міндеттері бар жаңа стратегия нені көздейді? Қай бағытқа басымдық беріледі? Одан бөлек, трансформация бағдарламасы бойынша қандай өзгерістер болады, қабылданған шешім қандай?

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу