Қазақтың Сыртқы істер министрлігі осы Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея президенттерінің кездесуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады. Онда «Қазақстан қос Корея лидерлерінің кездесуін құптайды. Ядролық қарусыздануда тәжірибесі бар ел ретінде «Корей түбегінің бейбітшілігі, гүлденуі және бірігуі туралы Пханмунджом декларациясын» қолдайды» делінген.