Еліміздегі 1071 этномәдени бірлестік былтыр он бес мыңға жуық іс-шара өткізген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі 1071 этномәдени бірлестік былтыр он бес мыңға жуық іс-шара өткізген

29.04.2018

Адам ұйымшыл, мал үйіршіл. Іркіттей іріген талай ұлтты көріп жүрміз, сыртқы күштердің илеуіне түскен. Айрандай ұйыған біраз жұртты білеміз, ешкімге есе жібермеген. Бір атадан туса да, бітіспес дауға ұрынған мемлекеттер болады, қырық жұрттан құралса да, «шәй» деспей тірлік кешетін елдер бар әлемде. Қазақстан соның бірі. 125-тен аса ұлттың өкілі тұрады қазірде. Сонымен, Қазақстан халқы Ассамблеясы өткен жылды жемісті қорытындылады. Еліміздегі 1071 этномәдени бірлестік былтыр он бес мыңға жуық іс-шара өткізіпті. Оған үш жүз мыңнан астам адам қатысқан. Бірлестік жанында 135 жастар ұйымы жұмыс істейді. Сондай-ақ, 1391 орталық, клуб, үйірме, басқа да шығармашылық ұжымдар әр ұлыстың тілі мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен салт-дәстүрінің сақталуына, ең бастысы, елдегі бірліктің бекем болуына үлес қосып отыр. 

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу