Астана жаһандағы интеллектуалды әрі жаңа заманғы трендтердің озығын терген 50 қаланың біріне айналады. Қазір осы мақсатта «Ақылды әрі қауіпсіз қала» тұжырымдамасы сәтті іске асып жатыр. Апта басында «Астана – бейбітшілік қаласы» тақырыбында өткен халықаралық жиында шаһар әкімі Әсет Исекешев осындай оптимистік мәлімдемесін жариялады. Бес құрлықтан келген белді сарапшылар да қазақ астанасының соңғы жылдары жаһандық саясатта салмағының артып келе жатқанын мойындайды.
Астана төр ұсынып, төрелік айтатын, әлемдік өткір мәселелер талқыланып, шешімін табатын халықаралық алаңға айналып келе жатыр. Оған ОБСЕ саммиті, Сирия жөніндегі Астана процесі, Ислам Ынтымақтастық Ұйымының бірінші отырысы және Әлемдік діндер көшбасшыларының бас қалада өткен бес бірдей съезі дәлел. Мысалы, бас қала былтырдан бері Шамдағы шырғалаңды шешу үшін 8 дүркін алаң ұсынды.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.