Астанадағы халық саны 20 жылдың ішінде 3 жарым есеге өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы халық саны 20 жылдың ішінде 3 жарым есеге өскен

08.07.2018

Астана күні – тек бір қаланың ғана мейрамы емес, бүкіл ел болып атап өтетін жалпыхалықтық мереке. Оған әр өңірдің қосып жатқан үлесі, елдік мұраттан ешкімнің бейтарап қалмауының нақты көрінісі дәлел. Осы аптада Үкімет басшысы да қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, елорда қастерлі Тәуелсіздігіміздің ұлы тұғыры екенін, Алаш жұртының айбары екенін атап өтті.

Енді Бақытжан Сағынтаев келтірген сандарды сөйлетсек: 20 жылда бас қаланың экономикасы 224 есеге артып, 1997 жылғы 25,7 млрд. теңгеден 2018 жылы 5,7 трлн. теңгеге дейін көбейген. Қалаға салынған инвестиция 20 жыл бұрынғы 19,3 млрд. теңгеден 50 есеге артып, былтыр рекордтық 945 млрд. теңгеге жетті. Ондағы бюджеттен тыс инвестицияның үлесі 80 пайыз. Осы 20 жылда Астана құрылысына бюджеттен 2,3 трлн. теңге бөлінген.

Бірақ, бұл қайтарымы бар қаржы екенін айта кеткен ләзім. Өйткені, дәл осы саладан ел қазынасына шамамен 7 трлн. теңге түсті. Яғни, қаланың дамуына салынған мемлекеттің қаржысы үш есе артығымен қайтарылды. Бас қала тұрғындарының саны да жыл санап еселеніп келеді. Астанадағы халық саны 20 жылдың ішінде 3 жарым есеге өсіп, бүгінде 1 миллионнан асты.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу