Осы аптада «Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми түрде жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада «Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми түрде жұмысын бастады

08.07.2018

Осы аптада көптен күткен «Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми түрде өз жұмысын бастады. Салтанатты шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев және елуден астам елдің қаржы, банк өкілдері қатысты. Ағылшын тәртібімен жұмыс істейтін орталықтың болашағы зор. Әлемдегі ең мықты қор биржалары қазірдің өзінде Астанамен келісім бекітіп, өз кеңселерін ашты. Мәселен, «Шанхай», «Насдак» және жұмысын жаңадан бастаған Қытайдың «Жібек жолы» қор биржалары өз акцияларын осы жерде де саудаға шығарады.

Жыл соңына дейін еліміздің ұлттық компанияларының құнды қағаздары да осы қаржы орталығындағы бәске түседі.  Енді осы жерде қаржы орталығының болашағы қандай? Шетелдік мамандар алғашқы бес жыл бейімделу жағдайында өтеді. Осы уақыт аралығында орталықтың даму динамикасында жоғары кететін, төмен түсетін процестер болады. Бұл қалыпты жағдай. Ал, одан кейінгі бес жылдықта Астана ірі қаржы шоғырының орталығына айналады. Қазіргі болжам бойынша осы орталық арқылы алдағы 10 жыл ішінде елімізге 40 млрд. доллар инвестиция тартуға болады.  

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу