20 жыл ішінде Астана Ақордасымен талай саяси жиындардың ордасына айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20 жыл ішінде Астана Ақордасымен талай саяси жиындардың ордасына айналды

08.07.2018

6 шілде - Алматыдан Ақмолаға қоныс аудару туралы шешім қабылданған тарихи күн. Осыдан 20 жыл бұрын, дәл 6 шілде күні Жоғарғы кеңес депутаттарының кезекті сессиясына Н.Назарбаев астананы Ақмолаға ауыстыру туралы ұсынысымен барған еді.  Ол шақ баршаның бостандықты сезініп болмаған уағы. Биліктің биік дәлізінде қызыл одақтың ошағын көсеп, отын маздатуды көксейтіндер көп еді. Бұра тартқандар болғанмен, ақыры көпшілік дауысымен азат қазақ астанасын ауыстырды. Одан кейінгі кезең - сіз бен біздің көз алдымызда. Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді. Жаһан картасында жаңа елорда пайда болды.

1999 жылы біздің Астана – ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атағын алды. Осы қысқа мерзімде, 20 жыл ішінде Астана Ақордасымен талай саяси жиындардың ордасына айналды. Апта бойы әлемдік саясатта беделі зор көшбасшылар елорданың туған күні мен Елбасын құттықтап жатыр, жеделхаттарда толас жоқ.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу